Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ДХР орын алған халықаралық лаңкестік акті бойынша іс қозғалды

АСТАНА, 3 қыркуйек. Ресей тергеу комитетінде, 31 тамызда Донецк қаласының бір дәмханасында болған жарылыс фактісі бойынша РФ Қылмыстық кодекстің 361-бабы 3 тармағы (адам өліміне әкеп соққан халықаралық терроризм актісі) бойынша іс қозғалды.Жарылыс нәтижесінде Донецк Халық республикасының басшысы Захарченко қаза тауып,Кіріс және алым министрі Тимофеев пен белгісіз қыз жарақаттанған. Бұл туралы Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің сайтында хабарланды.

Белгісіз адамдардың бұл әрекеттері жарылыс орнына жақын жердегі адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндірді.

Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 361-бабына «Яровойдың терроризмге қарсы пакеті» аясында Ресей заңнамасына енгізілген ереже терроризм қылмысы үшін жауапкершілікті күшейтетін және халықаралық құқықты жүзеге асыру болып табылады.

Мұндай іс-әрекеттер, атап айтқанда, терроризмге қарсы әрекет ету саласында Ресей Федерациясының мүдделеріне қарсы да бағытталған. Қылмыстық іс бойынша Ресей қылмыстық-процессуалдық заңдар мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес, оқиғаның барлық жағдайларын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіледі.

Сонымен қатар, Ресейдің тергеу комитеті, террорлық актілерді тергеудегі халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Донецк Халық Республикасының құқық қорғау органдарына барынша көмек көрсетуге дайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *