Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сарапшы: террористтерді біз өзіміз дайындаймыз.Өз отбасыларымызда

Астана, 4 қыркүйек. Террорист деген кім, іске тартушыны қалай тануға болады, экстремисттік топтардан шыққан адамдармен қалай жұмыс жүргізу керек? Бұл туралы «AP» -ге берген сұхбатында Орталық Азиядағы Халықаралық түрмелерді реформалау өкілдігінің (PRI) радикалдансыздыру жөніндегі халықаралық сарапшысы Юлия Денисенко баяндады.

«Адамға террористер жаман, оларға барма,деп айту жеткіліксіз»

— Сот органдары «экстремист» пен «террорист» деген ұғымдарды бөлмей, сотпен берілетін мерзімдер де шын мәніңде бірдей, деп баспасөзде жиі-жиі таластар болып жатады.Кімді террорист, кімді экстремист деп атау?

— Экстремист – соғамын деп ойлап жүрген адам, ал террорист – соғып қойған адам. Бірақ экстремистік көзқарастар мен идеялардың таралуы террористік актіден гөрі кем қауіпті қылмыс деп санау да өте қате.

Идеология апатты жылдамдықпен таралуы мүмкін және вирус сияқты жүздеген және тіпті мыңдаған адамдарға зиян тигізуі мүмкін. Экстремистер заңды күшке ие болмаса да, тұжырымдамалық билікке ие болғысы келеді. Демек, осындай идеялардың ізбасарларына өздері тұратын мемлекет заңдары да,қоғам заңдары да,ұлт дәстүрі де маңызды емес, оларға тек көшбасшының айтқан сөзі рас.

Сонымен қатар, егер сотталушы, ақпаратты,оның радикалды мазмұны бар екенің білмей таратқанын айтса, бұл 99% жалған. Алғашқы әңгімелескенде олардың бәрі кінәлі емес, бәрі саяси себептер бойынша қамауға алынды, бірақ мәселенің жайын түсіне бастағанда, орын алған жағдай 180 градусқа өзгереді.Экстремистік және террористік әрекеттер үшін жазалау шарттары айтарлықтай ерекшеленетінін атап өту керек.Кей жағдайда бұл айырмашылық 20 жылға дейін жетеді.

Экстремизм тек діни ғана болмайтынын ұмытпау керек.Бұл ұлттық идеялар да,мемлекетке қарсы идеялар да, заңды билікті құлатуға шақыру да. Бізге тек тергеу мен сот қәсіпқойлығына үміттену керек, өйткені әр оқиғаны жеке-жеке қарастыру керек.

— Сонда қалай бейтараптандыру керек, жаппай бәрін түрмеге қамау керек пе?

— Мен күш қажет емес деп айта алмаймын.Кей жағдайда бұл міндетті түрде қажет құрамдас бөлік. Террористік әрекеттен кейін террористті жерден көтеріп,үстің қағып-сілкіп: «жалғастыра бересің бе?»,деп сұрамайсыз ғой.Бұл бүкіл қоғамға қауіп төңдіреді.

Бірақ жаһандық мағынада бұл мәселені шешу үшін көп нәрсе қажет.Террористтік,экстремисттік топтар – бұл билікке қарсы «саяси партиялар», «оппозиция» сияқты. Сондықтан олар электоратың кеңейтуге тырысады.

Осы идеологияны жеңу үшін қазіргі үкімет басқа балама, тиімді нұсқалар беруі керек, адамдар басқа нәрсені іздеп, ойлауына жол бермеу үшін балама. «Террористер жаман, оларға бармаңыздар» дей бермей, сіздікі олардікінен жақсы екенін көрсетіңіз. Адам өзі таңдап алады және бұл нақты стратегия болады.

Бізге билікке сенім деңгейін, азаматтық тұрғындарды қолдау деңгейін арттыру қажет.Бұл туралы Орталық Азияда бәрі айтады, бүкіл бағдарламалар мен құжаттарда айтылған.Қазір мен практика туралы айтып тұрмын, қағаз бен стратегиялар туралы емес.

«Жақсы көремін» деп балаңызға соңғы рет қашан айттыңыз?»

— Неліктен көптеген адамдар террористтік немесе экстремистік ұйымға қосылуға дайын?

— Іске тартушы сұранысқа сай ұсыныс жасайды. Сізге тікелей қызығушылық тудыратын проблемаға шешім ұсынылады.Нарықтың өзіндегіндей.Бірақ, бұл күрделі сұрақтарға жеңіл жауап беретін «рухани қызмет» нарығы.Олар сіздерге жаңа отбасың,махаббат,ақша,денсаулық ұсынады. Осының бәрі қысқа мерзімде сізде пайда болады және ол үшін көп еңбек жасамайсыз. Барлығы әдемі елестейді, сондықтан, соншалықты тартымды.

Екінші шарт — мұндай топтың ықтимал мүшесінің жеке осалдығы. Бұл стресстік жағдайлар туралы. Осындай жалған қолдау үшін адам қарызын өтеу үшін үлкен ақы төлейді, өкінішке орай, өзінің жеке өмірімен, туыстарының немесе балаларының өмірімен төлеуге тиіс.

— Бұған қандай факторлар ықпал етеді: экономикалық проблемалар, әлеуметтік, психологиялық?

— Мен жалпы факторларды үш санатқа бөлетін болар едім. Экономикалық және әлеуметтік — бір санат. Екіншіден, психологиялық факторлар: сүйікті адамың жоғалтуына байланысты проблемалар, стресс. Мұнда тіпті басқа қалаға көшу де радикалдарға қызмет етуі мүмкін. Тәжікстан үшін мигранттарды радикалдандыру өте өзекті мәселе. Іске тартушылар мигранттар жаңа тіл үйренуге мәжбүр болғанда, құқықтық мәртебесі жоқ кезже, оларды еңбек жалақысымен алдаған кездегі стрессті жағдайды пайдаланады.Үшінші фактор – идеологиялық.Дінді идеологиямен шатастырмау керек. Мұнда мемлекеттік саясатқа қарсы наразылық мәселесі. Шын мәнісінде, экстремистік және террористік топтардың әрқайсысы психологиялық тұрғыдан саяси секта болып табылады. Олар қарсыластарын саяси уәждер бойынша қудалайды. Олардың мемлекеттің өз үлгісі, заңның өз тұжырымдамасы және т.б., өздерінің сайлау алдындағы, қоғамның проблемаларын көрсететің, үгіт-насихаты бар. Бірақ ешқандай террористік немесе

экстремистік топ осы мәселелерді шешпейді. Бұл проблемалар әдемі көріністер мен ұрандар үшін ғана қажет. Ақыр соңында, егер проблемалар шешілсе, онда адамдарға өздерінің ту астында жиналу себептері болмайды.

— Сіздердің алдыңызда кімнің тұрғанын түсіну үшін қандай да бір белгілері бар ма?

— Егер ол кәсіби іске тартушы болса, оны тану қиын. Ешкім былай демейді: «Келіңіздер, біз сіздерге жаңа Құдай, жаңа ата-аналар, жаңа бауырлар мен апа-сіңлілерді береміз, ал сіз бізге қаржы және физикалық ресурстарды бересіз және террор әрекеті кезінде өз-өзіне қол жұмсайсыз». Сізге жымиып, достық қарым-қатынаста болады. Араласу процесінде адамды біртіндеп зерттейді, әлсіз жерлерін табыды, кейін оларды қолданады.

— Біз террористерді өзіміз дайындап жатырмыз дедіңіз. Бұл нені білдіреді?

— Өкінішке орай, ата-аналар өз балаларына жиі қысым көрсетеді. Жақсы бала, олардың пікірінше, еш іске араласпайтын, ештеңе айтпайтын, қолайсыздық тудырмайтын бала. Бірақ егер баланың өз отбасында екі жасында бойы қуғынға ұшыраған болса,ол он сегізде ешқашан көшбасшы болмайды. Ол алдымен ата-аналардың, мұғалімдердің, жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың тапсырыстарына бағынады, содан кейін өзіне басқа жетекші табады. Өкінішке орай, жиі осындай жетекші ретінде іске тартушы болады.

Мен балалары тірі емес немесе соғыс аймағында тұратын ата-аналармен жиі сөйлесемін. Мен оларға «Сіз балаңызға «жақсы көремін» деген сөзді соңғы рет қашан айттыңыз?» деп сұрасам, олар жауап бере алмайды.Кішкентай кезінде айттық дегендер де жоқ.

Егер балаңыз сізге келіп, проблемасы туралы айтудан қорқатын болса, балаңызды керек уақытында қолдап отырмасаңыз, онда бұл орынды басқа біреу басып алады.

«Оңалтудың алдында миды қайтадан «жинақтау» керек»

Біз радикализацияны емдеутің дәрінің жоқтығын түсінеміз, бірақ адамға осы жолдан шығуға қалай көмектесуге болады?

— Бізге оңалтудың кешенді тәсілі қажет, яғни барлық мамандар командада жұмыс істеуі керек. Менің тәжірибеме сүйенсек, ең алдымен, қыруар кісілік жіне қаржы ресурстары жұмсалатын,оңалтуды жүргізу керегі туралы талдау жасау керек. Мүмкін ол қалпына келе алмайды.

Екінші. Бұның барлығы неден басталғаның түсіну керек. Адамның әлеуметтік және психологиялық проблемалары қандай, оның ойлау қызметінің деңгейі қандай. Адам ұзақ уақыт бойы осындай жабық ұйымда болғанда, манипуляцияның әсерінен және оның санасы толық бақылауда болған жағдайда, оның ойлау функциясы жойылады. Оған бұйрық беріледі, тікелей дәлізде келе жатып, бұрылып, басқа жаққа бару туралы ойлана алмайды. Оның миы, бейнелеп айтқанда, «өшіп тұрады». Миын «қосу» үшін онымен психолог немесе оңалту техникасы бойынша кеңесші сөйлесуі керек. Бұл жағдайдағы жоғары моральдық мәселелер бойынша әңгімелер жұмыс істемейді.

Содан кейін оны ескі ортаға қайтару керек, ол отбасында қажетті екенің сезініп, қарым-қатынасты орнатуға тиіс. Өйткені қоғам отбасынан басталады

Миымыз «қосылған» кезде, оңалту үрдісін алға бастыратын жақындарымыз қасымызда болған кезде, теологтарды,Матуриди және Абу Ханифа имамдарының ақидаларың қосуға болады.

Әрине, оңалту күрделі және ұзақ процесс. Ал адамның экстремистік немесе террористік топта алған психологиялық жарақаты — ешқандай жара емес, олар ешқашан емделмейді.Бірақтырысып көру керек. Әр адамның құтқарылу жолын бастау керек. Ақыр соңында,біреуін құтқарып жатқанда, жүздеген әлеуетті құрбандарының өміріне күресіп жатамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *