Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Филиппин президенті Израильге лаңкестікке қарсы күрестегі көмегі үшін алғыс айтты

АСТАНА, 5 қыркүйек. Израильде үш күндік ресми сапармен жүрген Филиппиннің президенті Родриго Дутерте, 3-ші қыркүйек, дүйсенбі күні еврей мемлекетінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуге Манилаға «қиын кезеңдерде» «аса маңызды» көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. Бұл туралы Al-Jazeera арнасына сілтеме жасай отырып EADaily хабарлады.

Дутерте қандай көмек туралы екенін нақтылай айтқан жоқ. Алайда, комментаторлар Минданао аралындағы Марави қаласында ДАИШ («Ислам мемлекеті», ИМ, ИГИЛ, Ресейде тыйым салынған) террористік ұйымына адалдыққа ант еткен филиппиналық исламшыл-содырларға қарсы операция туралы айтқан деп болжайды.

«Премьер-министр мырза, әсіресе қажет болған уақытта, менің еліме көрсеткен маңызды көмегіңіз үшін алғыс айтқым келеді», — деді Филиппиннің басшысы Нетаньяхуға.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *