АСТАНА, 12 қыркүйек. Әлеуметтік желілердегі роликтер мен суреттер үшін, ол 2 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылды, деп БрянскToday желі басылымы жазады.
Брянск қаласында сот жоғары оқу орындарының студентіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол араздық туғызу бабымен айыпталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сот отырысы барысында 2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қаңтарына дейін жігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында этникалық және нәсілдік негіздегі адамдар тобына қарсы жек көрушілікті тудыратын дыбыстық жазулар мен графикалық бейнелерді орналастырғаны анықталды. Бұл материалдарды шексіз пайдпанушылар көрді.
Сот студентті 1 жыл сынақ мерзімімен 2 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырды.