АСТАНА, 13 қыркүйек. Санкт-Петербургте экстремистік бап бойынша тергеу аяқталды, деп Санкт-Петербург тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Форпост жаңалықтар порталы хабарлайды.
Санкт-Петербургте әлеуметтік желілерде терроризмге шақырып және Пулково әуежайын жарамын деп қорқытқаны үшін мәжбүрлі ем алуға 37 жастағы дәрігер жіберілетін болды.
Тергеушілердің айтуынша, күдікті 2017 жылдың жазында «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде экстремистік мазмұндағы жазбаларды жүйелі түрде орналастырып отырды. Бұған қоса, ол Қазақстанда болған кезде Петербург әуежайының сайтына жарылыс қаупі бар деген хабар жіберді.
Дәрігерге қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2-бабы (террористік әрекеттерге шақырулар), 207-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) және РФ ҚК 282-бабы (жеккөрушілік пен араздықты тудыру) бойынша іс қозғалды. Тергеу барысында дәрігер созылмалы психикалық бұзылыстардан зардап шегетінін анықталды.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу аяқталды. Жақында іс сотқа түседі, онда тергеушілер айыпталушыны емделуге жіберуді талап етеді.