Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Терроризмге қарсы күресті күшейтуге байланысты, балалардың шетелге шығу ережелері өзгертіледі

АСТАНА 13 қыркүйек. 16 жасқа дейінгі балалар шетелге шығу үшін жеке төлқұжатын рәсімдеу керек болады, деп informburo.kz жазады.

Ішкі істер министрлігі «Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы» Заңына өзгерістер енгізіп жатыр.Осыған орай шетелге бірлескен сапары кезінде ата-аналар паспорттарына 16 жасқа дейінгі балалардың фотосуреттері жабыстырылатын болмайды,деп мекеменің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінде терроризм мен экстремизмнің қаупі өсуіне байланысты әлемдегі соңғы үрдістер шекараны кесіп өтуге байланысты көптеген елдерде қатаң талаптар қойылғанына себеп болды деп түсіндірді.Әлемдік қауымдастық паспорттық-визалық бақылау өтуін,жеке адамды сәйкестендіруді жетілдіріп, биометриялық деректері бар құжаттарды беруге көшті.

«Ата-аналарымен шетелге шыққан 16 жасқа дейінгі балаларыдың Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болуын талап ететін елдер (мысалы Шенген аймағының Еуропа елдерінде, Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа елдерде) санынын арту тенденциясы бар» , — делінген хабарламада.

Азаматтарға басқа елдердің шекарасын еркін өтуін қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер министрлігі заңға тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Енді шетелге бару үшін балаларға жеке паспорт жасау қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *