Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Терроризм әлеуметтік желілер жылдамдығымен таралады — ФТБ

Астана, 13 қыркүйек. Терроризм қазіргі кезде бүкіл әлемде әлеуметтік желілер жылдамдығымен таралып жатыр. Бұл туралы сейсенбі күні CBS телеарнасында эфирде болған сұхбатында ФТБ директоры Кристофер Рей айтты, деп ТАСС ақпараттық агенттігі жазады.

Мекеме басшысын құқық қорғау органдары американдықтарды Интернетте радикалдануына қалайша жол бермейтінің айтып беруін сұраған.

«Интернеттің проблемасы — бұл сын-тегеурін. Бүгін терроризм әлеуметтік желілердің жылдамдығымен таралады – деді Рей.

Оның айтуынша, террористер әлеуметтік желілердің иелері болып табылатын компанияларды «өз еріктерімен істей алатын кейбір нәрселерді істеуді» талап етуге тырысуда.ФТБ директоры өз сөзін түсіндірмеді.

Сонымен қатар, ол интернет-компаниялармен ынтымақтастық қазір «әлдеқайда жақсы» екенін атап өтті.

«Бұл жалпы қауіп деп саналады. Бәрімізде балаларымыз, туыстарымыз бар. Бәрімізде ықтимал [терроризм], құрбандар бар» — дейді Рей, сонымен ФТБ терроризмге қарсы күресте үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізді деп қосып айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда «ұйқыдағы» ұйымдар мен «Әл-Каида» (Ресейде тыйым салынған) террористтік желі қауіп туғызып тұр, алайда АҚШ осындағы «тұрпайы террористтерге» көз тігіп отыр.Қазіргі кезде ФТБ осыларға ғана байланысты шамамен 1 мың тергеу жүргізіп жатыр.Біз тек өткен жылы терроризмге қатысты 120 тұтқындау жасадық, — деді ол.

Нью-Йоркте сейсенбі күні, 2001 жылы 11 қыркүйекте болған лаңкестік шабуылдардың 17 жылдығына орай іс-шара өткізілді. Бұл күні «Әл-Каида» (Ресейде тыйым салынған) тобының 19 террористтері АҚШ-та төрт жолаушы авиалайнерлерің басып алды.Екеуің, ол кездегі Нью-Йорктегі ең биік ғимараттар, Дүниежүзілік сауда орталығы мұнараларына жіберді.

Үшінші ұшақ Вашингтон маңайындағы Пентагон ғимаратына жіберілді, төртіншісі де АҚШ-тың астанасы қарай бағытталған, бірақ Пенсильвания штатындағы Шанксвилл қаласының маңында апатқа ұшыраған.

Шабуылдар нәтижесінде 2977 адам қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *