БІШКЕК, 14 қыркүйек. Қазақстан жалпы республикалық бола алатын әртүрлі конфессиялардың радикалды діни қозғалыстарын қолдаушылардың бірыңғай дерекқорын және оларды дерадикализация технологиясын тестілеуде,деп News-Asia ортаазиялық ақпараттық портал хабарлайды.
Бұл тәжірибе,егер ол тиімді болса, Қазақстан әріптестермен халықаралық деңгейде екі жақты және көп жақты форматта қабылдануы мүмкін. Бұл туралы Бішкектегі онлайн-экстремизммен күреске арналған симпозиумда «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ басшысы Аманжол Оразбаев сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Оразбаевтың айтуынша, Қазақстанда радикализацияға, терроризмге және экстремизмге қарсы күреске жеткілікті назар аударылады.
«Тәуелсіздік алғаннан кейін Орта Азияның әрбір елі заңнамалық жүйесін жақсарта бастады, Қазақстан да шетте қалған жоқ. Қазақстанның қылмыстық кодексіне, терроризм мен экстремизмге қарсы тұру жүйесіне түзетулер енгізілді. Қазақстанда қарсы әрекет ету бағдарламасы 2000-шы жылдардың басынан бері жұмыс істеп келеді және қорлардың көбі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы бөлімшелерін күшейтуге жұмсалды. 2018-2022 жылдарға арналған жаңа бағдарлама елдегі радикализмнің таралуына жол бермеуге ерекше назар аударды және оған бір миллиард АҚШ доллары бөлінеді», — деді Оразбаев.
Бұдан басқа, республикадағы барлық ұлт өкілдерін біріктіруге бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 2008 жылдан бастап Дін істері жөніндегі комитет, кейін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне айналды, одан кейін Әлеуметтік даму министрлігіне айналды.
«Жоғары оқу орындар мен мектептер осы тақырыпқа белсенді түрде қосылды. Жергiлiктi атқарушы органдар да шет қалған жоқ: барлық әкiмдiктерде діни iстер басқармалары жұмыс істейді, олар бiрқатар құрылымдармен зорлық-зомбылық экстремизимді болдырмау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады. Сондай-ақ, мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы байланыс үшін азаматтық бастамаларды қолдау орталығы пайда болды, оның көмегімен ҮЕҰ гранттар ала алады.Оның бағыттарының бірі дерадикалдандыру және қазақстандық қоғамда келісімді қалыптастыру болып табылады. Осы мақсаттар үшін 600 мың АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді, 2019 жылы бұл соманы екі есеге арттыру жоспарланып отыр», — деді комитет басшысы.
ХТҰ қармағына оңай түсетін халықтың екі санаты да жұмысқа қосылды. Бұл әйелдер мен балалар — қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе отбасында жақындары экстремистік қозғалыстарға қатысқандар, сонымен бірге Таяу Шығыстағы әскери операциялар аймағынан оралғандар.
«Осы жобалар шеңберінде бірқатар агенттіктер әйел жамағатымен белсенді жұмыс істеуде. Қатысушыларды исламның негіздерін оқытуға баса назар аударылады, сонымен қатар олардың әлеуметтік бейімделуі жүзеге асырылуда, қыздар мен әйелдер бірқатар мамандықтарды игеріп жұмысқа орналастырылады — мысалы, тігу және де басқалары. Сириядан әйелдер мен балаларды қайтару туралы айта кетсек, Сириядан Қазақстанға 16 жасқа дейінгі 81 бала қайтарылды. Мемлекет басшысының шешімімен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, онда 2018 жылы республиканың 9 аймағында балаларға арналған оңалту орталықтарын ашуға 200 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылданды, енді бұл жұмыс белсенді атқарылып жатыр», — деп айта кетті Оразбаев.
Сондай-ақ, тиімді жағдайында Қазақстанды ғана емес, сонымен бірге Қырғызстанды, мүмкін, басқа елдерді де қамтитын инновация жұмысының тәжірибесі жарияланады. Діни деструктивтік бірлестіктердің мүшелерін есепке алудың бірыңғай дерекқорын құру және олардың дәстүрлі діннің төңірегіне оралу жөніндегі жұмысы туралы айтылады.
«Қазіргі уақыттағы жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұруға арналған оқу-тәжірибелік орталық Астанада пилоттық жобаны іске асырды,оның міндеттері ішінде — діни экстремизмге қарсы жұмысты жүйелендіруді. Біздің мемлекеттерде қарулы күштер және басқа да органдар діни деструктивтік бірлестіктердің мүшелерін анықтау мен есепке алуда үлкен жұмыс атқарады, бірақ статистикаға жүгінген кезде, сандар өзгере бастайды. Мысалға, 2017 жылы Қазақстан Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәліметі бойынша, 23 457 исламдық және христиан экстремистік бірлестіктерінің мүшелері саналды, бірақ олардың көбіне нақты деректер жоқ. Біз радикалдандыру деңгейін анықтау әдістемесін әзірледік, және Астана негізінде деструктивті қауымдастықтардың болжамды мүшелерімен сауалнама жүргіземіз. Бір қызықтысы — діни атрибуттарды киіп,алып жүргендердің жартысына жуығы діннің негізін үстірт біледі — мысалы, адам бірнеше сүрені жаттап біліп, Құранды білетініне сенеді », — деп түсіндірді« Терроризмге қарсы комитеттің» басшысы.
Пилоттық жоба Астанада жұмыс жасағаннан кейін, бұл тәжірибе бүкіл Қазақстан бойынша таралады деп жобаланып отыр.
«Діни деструктивтік қауымдастықтардың мүшелерінің бірыңғай дерекқорын құруды жоспарлап отырмыз, бейнелеп айтқанда «Біз пациентке диагноз қоямыз». Деструктивті секталарға барғандардың көпшілігі әлеуметтік наразылық білдіргендер, олар үшін үлгілік иландыру мен әлеуметтік бейімделудің жоспарын құру керек. Жеке «емдеу»-жұмысынан кейін дерадикализация әдісінің негізінде, бұл адамдар дәстүрлі дінге қайтып келді ме, әлде әлі де жаңылып жүргенің анықтауға болады.Егер сол кейіпінде қалса, олармен жұмыс басқа салада жүргізілетін болады. Мұндай деректер базасы мен әдіснамасы тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық алаңда да болады, біз бұл тәжірибені екіжақты деңгейде және көпформатты көлемде де бөлісеміз», — деп түйіндеді өз сөзін Оразбаев.