Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Twitter экстремистерді мақаласын жарияламай тұрып анықтайды

АСТАНА, 15 қыркүйек. Американдық ғалымдар əлеуметтік желілерде экстремистерді өздерінің деструктивтік насихат жұмыстарын жүргізе бастағанға дейін анықтауға мүмкіндік беретін алгоритімің ойлап табуы туралы хабарлады. PLANET TODAY басылымының хабарлауынша алгоритм «Twitter» әлеуметтік желісінде сыналды.

Ғалымдардың айтуынша, ИМ-мен (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) байланысты террористер қазіргі заманғы технологияларды белсенді түрде пайдаланады, атап айтқанда, әлеуметтік желілерде халықты насихаттау мен қорқытумен айналысады.

ИМ террористтеріне қарсы тұру үшін үлкен әлеуметтік желілер (мысалы, Facebook және Twitter) күмәнді аккаунттарды бұғаттайды, бірақ мұндай шаралардың тиімділігің әлі де жоғары деп айтуға болмайды.

«Біз Twitter-дегі «игилшылардың» мыңдаған аккаунттары негізінде дерекқор жинадық және нәтижесінде террористтердің парақшаларын анықтауға арналған қуатты құрал таптық. Бұл құралды пайдаланып, біз экстремисттердің парақшаларың,олар қауіпті хабарламаларды жариялағанға дейін анықтай аламыз»,- дейді Джитт Клаузен Массачусетс штатындағы Брайндейс Университетінен.

Ғалымдар жақын болашақта мұндай алгоритмдер Интернет желісінде экстремизмге қарсы күрестің тиімділігін айтарлықтай жақсартады деп санайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *