АСТАНА, 19 казан. Аманжол Оразбаев.Тергеушілер Керчтегі жаппай ату туралы қылмыстық істі Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205 бабынан«террористтік әрекет» 105 бапқа «кісі өлтіру» ауыстырған кезде, шиеленістер бәсеңдеп, қоғамға төніп тұрғандай қатер төмендегендей көрінді. Алайда, мұндай қамқорлық әрқайсымызды қоршап тұрған нақты қауіппен еш байланыс жоқ.
Қазір көптеген комиссиялар отбасындағы, в коллективтегі психологиялық климатты, студенттің бос уақыттарына назар аударылғанын және де басқа да нәрселерді мұқият тексереді. Әрине, маньякты тәрбиелеудегі кемшіліктерді жасаған кінәлілерді тауып жазалайды. Бірақ олар шынында кінәлі ме?
Менің ойымша, орын алған қайғылы оқиғада, ең алдымен, қаныпезердің қоршаған ортасы кінәлі. Ол халық арасында өмір сүрді ғой. Туыстары, көршілері, сыныптастары, тіпті виртуалды достары. Олар білетін, болжаулары да мүмкін. Әр адам танымал болуды қалайды. Бұл жақсы іс немесе бұрыс іс болса да. Криминалистикалық психологияда қылмыскер қылмыс орнына қайта оралуы туралы теориясы тектен тек бар емес. Ол адамдардың реакциясына, бағалауына қызығушылық танытады. Сондықтан да Рослаков, жарылғыш құрылғыларды жинаумен айналысканда, адамдардын көз алдында болған. Біреуге жетістіктерімен мақтанып, біреуге көрсетуі де мүмкін. Біреулерге фобиялары туралы айтып немесе жағымсыз жоспарларымен бөлісуі мүмкін. Бірақ бұл адамдар үндемегендік, батылсыздық танытты.
Осындай жағдай бізде де болды, Күлікбаев кек алып,еш жазығы жоқ 10 адамды өлтірді. Бірақ өзін өлтіруге оның рухы жетпеді.Егер де ол, БАҚ жазғандай, бас бостандығынан айыру орындарында отырғанда діншіл болып, деструктивті діни ұйымның мүшесі болса, ол жұмаққа бару үшін өзін де өлтіруші еді. Бірақ ол қулау болды. Өзіне қол салғаны үшін, оған қоса еш жазығы жоқ адамдарды өлтіргені үшін хор қыздарына жол жабық екенін жақсы түсінді. Бірақ оның да жанында бұл қорланған және зұлым тіршілік иесі не істемекші екенін білетін адамдар болған.
Кінәсіз құрбандар олардың да ар-ұжданында.
Осындай росляковтар мен күлікбаевтар сияқты жалғыздаған психтер ең қауіпті және божап болмайтын болады. Арнайы органдар мен құқық қорғау органдары террористік ниеттері бар радикалды, деструктивті ұйымдардың мүшелерін анықтау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.Бірақ жалғыздаған террористтерді, қанішер маньяктарды тәрізді, тек оның жақын ортасы көмегімен ғана тауып алуға болады.Егер олар күйрек адам болмай, жағдайға бей-жай қарамаса. Әйтпесе, ертең олар мұңайып куәгерлік етіп немесе қаныпезердің қандай жексұрын болғанын «еске түсіріп» сұхбаттасып тұрады.Ал «неге бұған дейін бұл туралы айтқан жоқсыз?» деген сұраққа, ұялып көзді төмендетеді. Егер олар өздері құрбан болғандар тізімінде болмаса.
Әрбір қайғылы оқиға бізге сабақ болуы керек. Бір-біріңе мұқият болуды. Мүмкін кішкене құрбандық жасап, қайғылы жағдайға жол бермей жақынымызды қатерлі іс жасаудан аман сақтаймыз.
Жазықсыз өлтірілгендердің жандары тыныштықта болсын. Иманда болсын.
Материал Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің «Радикалды діни көзқарастары бар (ерікті жамағаттар)адамдардың теологиялық оңалтуын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде дайындалды