Ресейдің бас мүфтиі Талғат Таджуддин бүгінде қоғамның негізгі міндеттерінің бірі — экстремизмге қарсы тұру және халықтар арасындағы бейбітшілікті сақтау болып табылады, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.
Экстремизм ислам, православие немесе иудаизм сияқты дәстүрлі конфессияларға — тән емес, өйткені олар — Құдайдың сенімдері екенін атап өтті.
«Қазіргі өмірде халықтар мен адамдардың арасында жеккөрушілік пен қарсылық туғызу үшін дінді қолданатын адамдар бар. Сондықтан міндеттердің бірі — экстремизмге қарсы тұру, ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, отбасы институтын нығайту, отбасы мен жастарды тәрбиелеу», — деп атап өтті Таджуддин.
Сонымен бірге муфтий Уфадағы конференцияда Ресей, ТМД, Түркия, Иордания, Тунис және Мысыр мұсылмандары елдің мешіттерінде іс-шараларды өткізе алатын діни қызметкерлерді оқыту және исламдық ағарту мәселелерін талқылағаның атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 23-24 қазанда Орталық мұсылмандар діни басқармасы (ОМДБ) Уфа қаласында ОМДБ 230 жылдығына орайластырылған «ХХІ ғасырдағы білім беру кеңістігінде исламның мұраттары мен құндылықтары» XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Форумда исламның рухани құндылықтары, жастарды тәрбиелеу және әлеуметтікке қарсы құбылыстардың алдын алу мәселелері талқыланады.