Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Стамбулда Сирия бойынша саммит аяқталды

АСТАНА, 29 қазан. Стамбулда Сирия мәселесін реттеу жайлы Ресей, Германия, Франция және Түркия басшыларының келіссөздері аяқталды, деп хабарлайды INTERFAX.RU. Кездесу шамамен үш сағатқа созылды.

Келіссөздер нәтижесінде төрт мемлекеттің басшылары Сирия Араб Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі және аумақтық тұтастығына, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына қатаң ұстанымдарын растады; бұл туралы Стамбулдағы Сирия тақырыбындағы төртжақты саммитте келіссөздерден кейін қабылданған президенттер мен канцлердің бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

«Президенттер және Канцлер: Сириядағы қақтығысқа байланысты соңғы жаңалықтарды қарастырып, одан аймақтық және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін туындайтын қатерлер мен қауіптер туралы жалпы алаңдаушылықты білдірді; Сирия Араб Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен аумақтық тұтастығына, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына өздерінің қатаң ұстанымдарын растады», — делінген Бірлескен мәлімдемеде.

Құжатта сондай-ақ, тараптар «Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған сепаратистік жоспарларды, сондай-ақ көршілес елдердің ұлттық қауіпсіздігін бұзуды болдырмауға бел байлағанын» атап өтілді.

Ұқсас форматта өткен саммит алғаш рет өткізіліп, ал оның өтуіне кездесуге қатысушылардың қарқынды екі жақты байланыстары болды. Оның өтуі Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған бастамасы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *