Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Экстремизм толқыны Орталық Азияға жақындап келеді — сарапшылар

АСТАНА, 04 қараша. Радикалдардың жағында соғысқан Орта Азия елдерінің азаматтарының отанына оралуы жақын болашақтағы мәселесі болып табылатынына сарапшылар мен саясаттанушылар сенімді, деп хабарлайды КУРСИВ. Олардың айтуынша, экстремистердің көпшілігі Ауғанстанның Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанмен шекаралас өңірлерінде тоқтап, Интернет арқылы жақтаушылардың ұяшықтарын жинай бастайды. Қазақстан жасақтаушыларға төтеп беруге дайын ба?

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Сирияда әскери операциялар тоқтатыла бастағандықтан, осы елде соғысқан радикалды топтардың көбі Ауғанстанға қоныс аударуда. Бұл қандай да бір саяси күшпен толығымен бақыланбайтын ел, басқа аймақтардағы деструктивті және террористік қызметті бастау үшін кадрларды даярлаудың ыңғайлы плацдармы болып табылады және Орта Азия елдері үшін Сирия мен Ирактан «жолдан тайған ұлдарының» қайтуы енді үлкен мәселе болуы мүмкін. Сирияның өзінде қанша адам шайқасқанын ешкім дәл айта алмайды. Ташкенттің зерттеу бастамалары орталығының бағалауы бойынша, 2011 жылдан бастап Сирия мен Иракта тек ИГИЛ-дың қатарында посткеңестік елдерен 9 мыңнан астам адам соғысты, соның ішінде Ресейден 3,5 мың, Өзбекстаннан 1,5 мың, Тәжікстаннан 1 мыңнан артық, қалған 3 мыңы Қазақстанда, Қырғызстанда және басқа елдерден.

Қазақстанның Сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесінің төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша, Орталық Азиядан 5 мыңға жуық адам Сирия мен Иракта соғысқан, ал қазақстандықтар саны аз — 2015 жылдан 2017 жылға дейін, Қазақстаннан, кейін радикалды тобтарға қосылған, Сирияға 255 адам кетті. Ашық қолжетімділікте Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің бағалауы да бар: өткен жылдың сонында Ирак пен Сирияда Орталық Азия аймағынан 6 мыңға жуық жалданушы бар еді. Бірақ арнайы жаттығудан өткен және ең бастысы, соғысу тәжірибесі бар Отанына ораламыз деген радикалды адамдардың саны жеткілікті болды. Сондықтан, бұл мәселені елеусіз қалдыруға болмайды, бұл жаңа сынаққа қарсы күресуге дайындалу керек. Ташкенттің зерттеу бастамалары орталығының директоры Бахтиер Эргашевтің айтуынша, мұнда олар не екенін және жасақтардың не істейтінін түсіну керек.

ИГИЛ-дің қатардағы жауынгерлерден – кибергенерал болу

«Сириядағы жайттар аймақтағы лаңкестік ұйымдарды қатты өзгертті. Егер бұрын олар өздерінің идеологиялық негіздеріне және аймақтағы іс-тәжірибеге ғана бағдарланған болса, ондағы зайырлы режимдерге қарсы күрессе, қазір бұл ұйымдар аймақтан тыс жерде соғысқа қатысуға тәжірибе жинады, жаһандық жихадшылар қозғалысына қатысып, оның белсенді бөлігі болды», — дейді Эргашев. «Орталық Азиядан келгендер Түркиядағы, Швециядағы, АҚШ-тағы бірнеше лаңкестік әрекеттердің ұйымдастырушылары мен орындаушылары болды, олар жаһанданудан өтті және бұл қарсы күш көрсету», — дейді ол.

Екіншіден, оның пікірінше, содырлар өз Отанына физикалық түрде қайтып оралмауы да мүмкін, бірақ, олар онымен байланыс орнатуға тырысады, өйткені интернеттің ғасырында бұл қиын емес.

«Өзбекстандық мамандар бүгінгі күннің нақты қауіпі – бұл аман қалған содырлардың белсенділігі Ауғанстанға аусуы, өйткені олар Өзбекстанда тікелей жұмыс істей алмайтының

түсінгенінен, Ауғанстанның солтүстік-батыс және батысында тұрақталып, Түрікменстан мен Тәжікстан арқылы Ташкентке қарсы жұмыс істей алады», — деді сарапшы.

Оның айтуынша, барлау қызметтерінде қазірдің өзінде осындай қашықтағы әдісті пайдаланып, туыстары мен достарымен шақырып, Интернетте автономдық жихад әрекеттеріне дайындалып жатқан деректері бар. Орталық Азия содырлары ИГИЛ тактикасын пайдаланбақшы: «ұйқылы» белсенді емес лаңкестік ұяшық құрылып, әзірше өз белсенділігін танытпайтын, немесе қарапайым қылмыспен айналысатын, егер оның қандай да бір қатысушысы ұсталса, оның іс-әрекетін лаңкестікке тікелей байланыстыру мүмкін болмайды.Бұл ұяшықтар жеке лаңкестік шабуыл жасау үшін, көбінесе интернет арқылы, белгі алғанша «ұйқысын» жалғастырады.

Ташкент зерттеу орталығының басшысы интернет террористердің көз алмай бақылайтын объектісіне айналғанына сенімді. Сонымен қатар, алдағы жылдарда олардың күш-жігерінің негізгі ғаламдық торға кетуі мүмкін:

«Олар жаһанды джихадтық форматтарға қатысу аясында киберкеңістікте белсенді жұмыс істеуге үйренді», — дейді Эргашев. — Осы ұрып-соғылған жігіттер қазір виртуалды әскерлерін құра бастайды, бұл қолдарына автомат алып әмірлік құрамыз деген топтан әлдеқайда тиімді болуы мүмкін. Біз бұл киберкеңістіктегі соғысттан жеңілмеуіміз керек», — деді ол.

Киберсоғысқа дайын емеспіз

Қазақстанда стратегиялық зерттеулер институтының халықаралық зерттеулер бөлімінің міндетін атқарушы Анастасия Решетняк Қазақстанда осындай насихаттауға қарсы идеясына өте үстірт қарайды.Ол 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстанда терроризм мен діни экстремизмге қарсы тұрудың екінші мемлекеттік бағдарламасы бар екенін еске салып, бұрынғы бағдарламамен салыстырғанда мемлекеттің әлеуметтік желілерде және арнайы медиа-қатысу ресми түрде кеңейтілген,алайда, практикада, сарапшының айтуынша, бұл қатысу формальды болып қалады.

«Бағдарлама блогерлер мен ҮЕҰ тартуды, әлеуметтік желілердегі аккаунттарды жүргізу және қоғамдағы радикалды идеологияға иммунитетті құру көздейді, сондай-ақ 114 -бірыңғай республикалық шұғыл байланыс желісінің жұмыс істеуі, ол үшін қаражат бөлініп отырады, алайда өткен жылдың қарашасынан жұмыс істемейді», — дейді Решетняк. — Сонымен қатар, осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар аясында әлеуметтік желілерде аккаунттарды жүргізуді ұйымдастырып, онда видеобейнелерді орналастыру сияқты мәселе бар. Қалған жұмыстардың бәріне ақша төленсе, осы салада бес жыл бойы ақша бөлінбейді. Бұл дегеніміз, SMM саласындағы мамандар осы жұмысқа шынымен де қатыспағанын көрсетеді», — деді ол.

Сондықтан әлеуметтік желілерде және мамандандырылған сайттарда бұл жұмыс кеңес дәуірінің үздік дәстүрлерінде көрініс тапты, деп хабарлады ҚСЗИ-ның өкілі.

«Көп жағдайда бұл мынандай көрініс: қандай да бір іс-шарада түсірілген сурет, төменде мәтін: «Осындай айдын, осындай күнінде М қаласында Н зауытында экстремизм мен діни экстремизм туралы ақпараттық-түсіндіру кездесуі болды — нүкте. Сұрақтар қойылды — нүкте. Жауаптар алынды – нүкте». Осындай жұмыс деңгейі мемлекеттік құрылымдарға деген қоғамның, әсіресе жастардың сенімсіздігін арандатады », — деді ол.

Ең бастысы, мемлекеттік бағдарламаның стратегиясы айтарлықтай қайшы: оның әзірлеушілері терроризмнің дінмен ешқандай байланысы жоқ екендігін мойындайды, ал антитеррорлық контент басқа факторларға екпін жасағаннын орнына 99 пайыз діни бояуы бар дейді.

«Егер дін шын мәнінде терроризм мен радикализмнің нақты себебі болмаса, ол радикализмге қалай жауап беруі мүмкін? – деп ҚСЗИ өкілі риторикалық сұрақ қояды. — Осы бағытта жасалып жатқан барлық нәрселер қатаң діни реңкке ие: ізбасарлары террорист болатын, дұрыс емес ислам бар, және жақсы ислам бер, егер оның ережелеріне сүйенсеңіз, бәрі жақсы болады. Егер біз шартты түрде үйімізге инфекцияға жол бермейтін болсақ, бәрі бізде жақсы болады, бірақ бәрі оңай емес», — деп атап көрсетеді ол.

ҚСЗИ социологиялық зерттеулеріне сәйкес, жастар сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейін лаңкестік пен экстремизмге қарағанда өздері үшін аса қауіпті деп санайды. Радикализмге қарсы күрес тек қана арнайы қызметтердің жұмысы екенін ескере отырып, олар мемлекет те терроризмге қарсы күресетіні туралы ештеңе білмейді. Мәселе мынада, Эргашевтың айтуынша, интернет желісіндегі террористік үгіт-насихатты келімсек әмірлер емес, кешегі отандастарымыз жүргізеді, олар өз елдеріндегі барлық қиындықтарды біледі, сондықтан осындай кері насихаттау деңгейімен киберәскердің құру өте ықтимал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *