АСТАНА, 04 қараша. Пәкістанның Равалпинди қаласында атақты Пәкістан діни жетекшісі, уағызшы, «Жамаат Улема-е-Ислам» исламдық партиясының басшысы Сами уль-Хак жұма күні өлтірілді. Бұл туралы ТАСС ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Дінтанушыны белгісіз қарулы адамдармен тоқтаған үйінде өлтірілді. Оқиға туралы толық мәлімет жоқ.
Сами ул-Хак Пешавар жанындағы «Хаккания» мұсылман университетінің бастығы болды. Онда көптеген радикалды оқымыстылар дәріс берген және «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысының басшылары білім алды. Ол осы қозғалыстың басшыларымен тығыз байланыста болғандықтан, оны кейде Талибтардың» «рухани әкесі» деп атайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 22 қазанда Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының тағы бір жетекшісі мулла Мансұр жойылды.