АСТАНА, 07 қараша. Бағдадта жарылыстар топтамасы нәтижесінде 8 адам қаза тауып, 16 адам жараланған. Бұл туралы Укринформ ақпараттық агенттігі хабарлады.
Жергілікті полиция өкілі Хатема әл-Жабиридің айтуынша, жарылғыш құрылғылар Ирак астанасының алты орамында іске қосылған.
Осы уақытқа дейін ешқандай топ шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алмады. Елдің билік органдары жарылыстарға ИГИЛ-дің (Қазақстанда тыйым салынған) қатысы болуы мүмкін деп санайды.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында Багдадтағы орталық үкімет елдің аумағын ИГИЛ-ден босатқаның жариялаған.Осыған қарамастан, топ жақтастар Ирактың түрлі аймақтарында қайта-қайта қанды лаңкестік әрекеттер жасайды.