АСТАНА, 09 қараша. АҚШ содырлардың Сириядан шыққан жерлеріне қайту қаупі туралы біледі және осы мәселе бойынша Ресей мен Түркиямен кеңестер өткізіп жатыр. Бұл туралы АҚШ-тың Сирия бойынша арнайы өкілі Джеймс Джеффри сәрсенбіде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Брюссельде журналистерге арналған брифинг барысында дипломат АҚШ-тың Сириядан террористік элементтерді тарату қаупі туралы хабардар екендігін және Вашингтон бұл мәселені шешу үшін басқа тараптармен кеңескені туралы сұраққа оң жауап берді.
«Евфрат аймағында ИМ-нің (Қазақстанда тыйым салынған) соңғы элементтерін жеңуге баса назар аударылуда, бұл күрес қазір «Сирия демократиялық күштерімен» ынтымақтастықта жүргізілуде»,- деп журналисттерге хабарлады.
«Біз Идлибте «Джебхат-ан-Нусра» (Қазақстанда тыйым салынған) және ИМ элементтерінің бар екенін жақсы білеміз және оларға қалай әрекет ету керектігі бойынша үнемі кеңес алып отырамыз, әсіресе Ресей Федерациясы мен Түркияның үкіметтерінен. Бізде бұл адамдарға қатысты алаңдаушылық бар, әсіресе олардың Сириядан кетіп, бүкіл әлемге таралуы жайлы», — деді ол.
Бұған дейін РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин Пекндегі Халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша Сяншань форумында сөйлеген сөзінде, Сирия-Ирак шекарасы арқылы экстремистік көзқарастары бар 50 мыңға жуық адамның өткенің, олардың отанына немесе басқа елдерге қайтуы ИМ лаңкестік тобының ұяшықтарының таралу географиясын кеңейтетінін айтты.