Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанда діни білім алуға мүмкіндіктер бар

ТАРАЗ, 09 қараша. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас муфтий басқарған дін қызметкерлері Жамбыл облысының әкімінің қызметің атқарушы Бекболат Орынбековпен кездесіп аймақтағы діни жағдай, мешіттер мен медреселердің қызметі туралы сұрақтарды талқылады.

Әкім орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта облыста 295 мешіт бар, онда 400-ден астам имам жұмыс істейді.

«Бас муфтийдің келуі Әулиеата халқының рухани өміріне жаңа серпін береді», — деді ол. — «Қазіргі кезде облыс әкімі тапсырма бойынша діни саладағы іргелі жобалар жүзеге асырылуда. Жүйелі түрде біздің еліміздің танымал теолог-ғалымдарының қатысуымен түрлі семинарлар мен кездесулер өткізіледі. Біз сондай-ақ діни қызметкерлеріміздің әлеуметтік жағдайына ерекше назар аударамыз».

Серікбай Қажы Ораздың айтуынша, имамдарды электронды аттестаттау бойынша жаңа жоба Жамбыл облысында басталды. «Бүгінгі таңда Қазақстанда орта және жоғарғы діни және рухани мекемелерде ислам бағытында діни білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер бар, сондықтан сол үшін шетелге шығуға қажеті жоқ. Біздің медресеміз мәртебесін колледж деңгейіне дейін көтерді. «Нұр-Мүбарак» университетінде сіз магистрлық, тіпті докторлық дәреже ала аласыз. Қазір жыл сайын біздің университет пен медресе діни салада 500-ге жуық мамандар шығарады. Осылайша бірнеше жыл ішінде біз барлық 2600 мешітті білікті діни қызметкерлермен және мамандармен қамтамасыз ете аламыз деп болжауға болады», — деп атап көрсетті Бас муфти

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *