АЛМАТЫ, 13 қараша. Қазақстанда діни саланың ахуалы туралы Алматыда мәлімденеді, деп хабарлайды «Терроризмге қарсы комитеттің» РҚБ баспасөз қызметі.
2018 жылдың 15-қарашасында сағат 15.00 Алматы қаласында Сәтпаев к-сі, 16-18, 18 А, ТУРАН университеті, бас ғимарат, 492 кабинет мекен-жайы бойынша «Қазақстандағы діни саланың ахуалы: мәселелер және перспективалар» шолу баяндамасын әзірлеу» жобасы нәтижелері көпшілікке таныстырылады. Іс-шараға қатысушылар: бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ҮЕҰ.
Қазақстан Республикасы мемлекеттің зайырлылығын жариялайды, діни саланың өзгешеліктері мен ерекшіліктерін ескере отырып, тиісті модель әзірлейді. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының басты мақсаттары қазақстандық қоғамның бірлігінің нығаюы, тұрақтылығы мен мәдени-рухани жаңғыруы болып табылады.
Мемлекет өзін бір де бір дінмен теңдестірмейді, олардың әлеуметтік-адамгершілік әлеуетінің жағымды болуын талап етеді, дін ұстанатын және ұстанбайтын азаматтардың мүдделерін үйлестіруге тырысады, әртүрлі дүниетанымдық ұстанымдар арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз етеді, қоғамда конфессияаралық келісім мен тыныштықты сақтау қызметін жүзеге асырады.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда дінге институт ретінде деген көзқарас, қоғам өміріндегі діннің рөлі мен функцияларын жаңаша түсінуге байланысты едәуір өзгерістерге ұшырады. Діни бірлестіктер қоғамның қазіргі дамуының субъектілері болуға талпынып, стратегияларын айқындап, діни құндылықтарды қазіргі заманғы жағдайлармен үйлестіріп отырып, өз қызметтерін жандандырып отыр.
Зайырлылық жағдайында діни саланың дамуы және қызмет етуі статистикамен зерттелмейді, сондықтан діни үдерістерді өлшеуге мүкіндік беретін мониторингтік зерттеулер өткізу бүгінгі күні өзекті болып отыр. Көпконфессиялы және көпмәдениетті қоғам жағдайында діннің мағынасын, әлеуметтік институттар жүйесіндегі орнын, оның міндеттерін түсіну және сәйкестендіру үдерістеріне әсерін айқындау маңызды.
Дін, арнайы берілген тұжырымдарды жаппай қабылауға бағытталған саясат құралына айналады, осылайша қоғамның топтасуы мен жанжалдардың ушығуына мүмкіндік туғызады.Соңғысы діни парадигмалар арнайы саясаттандырылатын квазидіни үлгілердің маргиналды субмәдениеттердің көбеюімен байланысты. Бұл «діни негізделген» себептер деп аталатын экстремизм мен радикализмнің туындауына септігін тигізеді.
Конфессиалық діни бірлестіктерден тыс, квазидіни қауымдарда экстремизация және радикализация мақсатында діннің әлеуметтік мәдени институт ретіндегі беделі пайдаланылып, азаматтардың діннің мағынасын, оның рөлі мен міндетін дұрыс түсінбеу пайдаланылады.
Қазақстандықтардың өмір кеңістігіне ислам, евангелие, неоориенталистика, желілік маркетинг және т.б. діни және квазидіни тәжірибелердің табысты кірігуі сәйкестенудің әр түрлеріне (этномәдениеттік, отбасылық, азаматтық, қоғамдық) едәуір әсер етеді, олардың маркерлерін жылжытады. Шынайы дүниетанымдық плюрализм діни конферсияның өсуіне, соның ішінде радикалдық шиеленістің өсуіне әсер етеді.
Қазақстанда халықаралық тәжерибе зерттеліп, экстремизмнің алдын алудың, дерадикализацияның және ре-интегарцияның отандық тәсілдері әзірленеді. Олар апробациядан өтуді және жетілдіруді талап етіп қана қоймай, мемлекеттік, қоғамның зерттеу орталықтарының және дәстүрлі діни институттардың күштерінің бірігуін талап етеді.
Осылайша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Контр-террористік комитет» РҚБ «Қазақстандағы діни саланың ахуалы: мәселелер және перспективалар» шолу баяндамасын әзірледі.
Баяндама мазмұны ақпараттың әлеуетті тұтынушыларының (мемлекеттік құзыретті орган, аймақтардағы дін істер бойынша басқармалар, діни мотивациаланған экстремизмге қарсы тұру мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар, дерадикализация бойынша жұмыс жүргізетін құқық қорғау органдары) назарын діни саланың күйіне, қазақстандықтардың оны қабылдауы мен түсінуі тараптарына аударады.
Шолу баяндамасын әзірлеудің мақсаты мен міндеттері мемлекеттік саясат сұраныстарымен үйлескен, қазақстандық қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтауда қызығушылықтар бәтуаластықтары негізінде зайырлылық және діни контекстердің бірлесе қатар өмір сүруіне ғылыми-практикалық тәсілдерін қалыптастыру қажеттіліктерін сай келеді.
Әлеуметтанушылық деректер ауқымындағы баяндама тұрғындарды жаппай сұрастыру, фокус топтардағы сұрастыру және сарапшылар бағалауы бойынша зерттелген діншілдік тенденцияларын ашады. Қазақстандық қоғамның өміріндегі дінді қабылдау және бағалау мәселелері, діншілдік күйі, дәстүрлі және жаңа діндер мағынасы, діни конверсия трендтері, соның ішінде діни мотивацияланған экстремизм мен терроризмге байланысты радикализация және экстремизацияның күрделі салалары сипатталған.
Сондай-ақ, ашық ақпарат көздерінің негізінде дерадикализацияның шетелдік тәжірибесі талданып, отандық тәжірибелерге шолу жасалған, ұсынымдар әзірленді. Бұл ұсынымдар құзыретті органдарға жіберілетін болады.
СПИКЕРЛЕР:
Бурова Елена Евгениевна — «Перспектива» Ақпараттық-консультативтік тобының президенті, философия ғылымдарының докторы, профессор
Әлия Сайлаубекқызы — әлеуметтану магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты, PhD докторы.
______________________________________________________________________________________________________
Ақпараттық қолдау Қазақстан Республикасы Әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КАҚ мемлекеттік грантының жобасы шеңберінде жүзеге асырылады — «Қазақстандағы діни саланың ахуалы туралы шолу баяндамасын дайындау: мәселелері мен перспективалары».