Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мадияров: Адамдар жылдар бойы намазға барады, бірақ исламның мән-мағынасын жете ұғынбайды

АСТАНА, 16 қараша. Діни сауатсыз адамдарды өз қатарына тарту үшін сәләфи жасақтаушылары қалай жұмыс істейтіні туралы Total.kz тілшісіне «Шаңырақ» дін мәселері бойынша орталықтың директоры, сондай-ақ «Терроризмге қарсы комитетінің» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Мирхат Мадияров баяндады.

Сарапшының айтуынша, Қазақстанның барлық мұсылмандарының тек 1-2% ғана ислам қағидаларын сақтайды.

«Мұнда бәрі — ханафи мазхабының ізбасарлары да деструктивті діни ағымдардың өкілдері де бар. Ыстамбұлда 15 миллион адамға арналған 8000 мешіт бар және ол жерде сан түрлі ағымдар жоқ. Біздің елімізде шамамен үш мыңдай мешіт бар: олардың 46-ы Алматыда, сегізі — Астанадағы мешіттер. Адамдар жылдар бойы тек жұма намазға барады, бірақ исламның мән-мағынасын жете ұғынбайды: не үшін намаз оқу керек, ораза ұстау керек, қажылыққа не үшін барады. Олар садақа мен зекеты айыра алмайды (қайырымдылық және жыл сайынғы салық — Total.kz)», — деп сарапшы діни сауаттылықтың төмен деңгейін атап өтті.

Дәл осындай «жұмабайлар» жалған ұстаздардың қармағына түседі.

«Мұндай адам жалған ұстазды кездестіргенде, оған еріп, алда өткен ұлылардың шынайы жолын табуға көмектескеніне қуанышты. Қазақстанда «шынайы ізбасарлар» келгенге дейін таза ислам жоқ еді деп, «дұрыс» деген сенімдерге нандыру үдерісі басталады.Қараханидтер дәуірінен бастап ата-бабаларымыз қателесіп, дәстүрлер мен түпнұсқалық мәдениет «бидғат» (жаңалық — Total.kz) болып табылады», — деп Мадияров ең кең тараған айла-тәсілді келтірді.

Оңалту орталығының директоры әртүрлі жалған діни ағымдардың уағыздаушылары имамдар мен теологтар сияқты көрінуге тырысатынын атап өтті.

«Сіз ешқашан радикалды қадамдар жасауға шақырғаның көрмейсіз. Жасақтаушылар «Нұр-Мүбарак» университетінің имамдары мен теологтары сияқты сөйлейді. Сұрақ басқада: олардың білімі әлі де жақсартуды талап етеді. Олардың кейбір «шейхтері» араб тілін меңгеріп алды, бірақ олар өздері және олардың жақтаушылары бұны данышпандық деп таныды. Олар жастарға, әйелдерге және қыздарға нақты мұсылмандардың қандай болуы керектігі жөнінде нұсқаулар береді. Мәселе мынада, сәләфизм өкілдері ақидаға, фиқһ және Құран мәселесін мешіттерде емес, пәтерлерде үйретеді, және келушілерді ұстап қалуға тырысады», — деп түсіндірді ол.

Елдегі деструктивті діни ағымдар санының өсуіне әсер ететін ішкі факторлар, жастар арасында білім деңгейінің төмендігі, әлеуметтік көтергіштердің болмауы, жұмыссыздық, халықтың тарихы, салт-дәстүрлері мен мәдениетінің білмеуішілігі, әлеуметтік әділетсіздік, наразылық, кедейшілік пен кедейлік деп атады Мирхат Мадияров. Оның айтуынша, халықтың діни сауатсыз бөлігі, соның ішінде жастар, мақсатты түрде деструктивті діни ағымдардың құрбандары болып табылады.

Жалдаушылар жас пен ұлт айырмашылығы бойынша бөлмейтінің түсіндірді.

«Жалдаушылар адамдардың исламдағы төмен білімдерін пайдалана отырып, халықтың діни сауатсыз бөлігі арасында өз көзқарастарын уағыздап, көмек көрсетуге тырысады. Сондай-ақ, деструктивті ағымдардың өкілдері қыздардың отбасынан алшақтау болғанын пайдаланады. Қыз қауымға қосылып, бірнеше талақ алған соң (ажырасу — Total.kz), қайда баруын және не істеу керектігін білмейді. Өйткені, олар некеге тұрмай тұра, үйлерінен дау-жанжалмен «Құдайдың рақымы үшін» кетеді. «Никах» (үйлену — Total.kz) рәсімі үйде, имамсыз, «ахи» және «ухти» (арабша бауыры мен әпкесі — Total.kz) арасында орындалған. Мұның бәрі жалған, алдау екендігін түсінгеннен кейін ұят сезімі туыстарына баруға мүмкіндік бермейді. Кейін олар бірнеше адам бірігіп пәтер жалдап, солай күн көреді », — деді ол.

Діни білім беру туралы сөз қозғаған сарапшы ғаламторда деструктивті діни ағымдардың уағыздаушылардың сөздерің атап өтті, онда нұсқаулық ретінде ізбасарларды балабақша жастарынан дайындау керек делінген.

«Міне, бұл жерде жарыс басталады, жасөспірімдерге кім бірінші жетеді деп – біз бе немесе олар ма», — деді Мадияров.

Мадияровтың айтуынша, сәләфизмнің ізбасарлары сонымен қатар түрмелерде үстемдік етеді.

«Егер бұрын «қызыл» және «қара» аймақтар болса, қазір «жасыл» аймақтар пайда болды. Адам құқық қорғау органдарының назарына түссе, оған осы «тұрақсыз әлемінде» қолдау қажет, осы кезде ол жалдаушылардың ықпалына түседі. Олар адамға қолдау көрсетіп, «шытырман» жерде «дұрыс» өмір сүруге көмектеседі»,-деп сөзін жалғастырды Мадияров.

Орталықтың директоры өз тәжірибесіне сүйене отырып, сәләфизм ағымына қосылғандар халықтан құылғандарға айналды.

«Олар заңға қайшы келетін, мәдениеттен, дәстүрден, тарихтан бас тартатын сауатсыз адамдар қатарына қосылады», — деп түсіндірді дінтанушы.

 

Материал Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің  Қоғамдық келісім комитетінің «Радикалды діни көзқарастары бар (ерікті жамағаттар)адамдардың теологиялық оңалтуын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде дайындалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *