АСТАНА, 16 қараша. Ресей үкіметі аналары терроризм бойынша айыпталып, Бағдат қаласындағы әйелдер түрмесінде отырған 60 балаларды қайтаруға дайындалып жатыр.Сонымең әр бала үшін 300 доллар баж төлеу керектігі туралы бейсенбі күні Шешенстандағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағында ресейлік балаларды іздеу және қайтару жөніндегі жұмыс тобы құрамына кіретін Хеда Саратова хабарлады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Балаға баж салығының мөлшерін осы елдегі тиісті органдар анықтайды, 300 доллардан бастап және одан жоғары. Біздің ақпаратқа сүйенсек, жақын арада 60-қа жуық бала туған жеріне жеткізіліп, туымтарына тапсырылатын болады. Олардың аналары сотталған немесе Ирак сотының үкімін күтуде», — деді Саратова.
Бейресми деректерге сәйкес, Сирияның Идлиб қаласында ИМ (Қазақстанда тыйым салынған) ұйым содырларының 7000-ға жуық жесірлері бар — әр түрлі елдердің азаматшалары, соның ішінде Ресейдің.
«Былтырғы жылы жесірлер мен балаларды лаңкестермен бақылауға алынған территориядан, атап айтқанда Сирияның Идлиб қаласынан, шығаруға көмектескен делдалдардың бірі ол жерде шамамен 7000 балалы әйел бар екенін айтты. Бұл тек ресейлік әйелдер ғана емес, ТМД және басқа елдердің азаматшалары да болды», — деді сұхбаттасушы.
Ресей әйелдері мен балаларды Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан қайтару үрдісі 2017 жылдың тамыз айының басында Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыровтың Instagram-дағы бейнесюжетін жариялағаннан кейін басталды. Бұл сюжет RT тілшілерімен Бағдаттағы балалар үйінде түсірілген. Ол жерде ата-аналары Ресейде және басқа да елдерде тыйым салынған ИМ террористік ұйымға қосылып, балаларды елден шығарып алып, кейін Ирактың Мосул қаласын ИМ босатылғаннан кейін оларды тастап кеткені туралы баяндалады.
Содан бері шешен билігі тарапынан берілген көмек арқылы Ирак пен Сириядан 100-ден астам әйелдер мен балалар отанына топ топпен қайтарылды. Олар Шешенстан, Дағыстан, Ингушетия, Башкирия, Тверь, Югра және Қазақстан мен Өзбекстанның азаматтары.