АСТАНА, 17 қараша. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аманжол Оразбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен бірге «Радикалды діни көзқарастары бар (ерікті жамағаттар) адамдарға теологиялық оңалтуды ұйымдастыру» жобасын талқылады.
Кездесу барысында тараптар арасындағы серіктестікті дамыту және мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс жоспары жасалды. Атап айтқанда, түсіндірме әңгімелесу жүргізу жолымен деструктивті ағынды болдырмау бойынша ынтымақтастықты жалғастыру, «Ақиқат пен жалғандықтың арасы» әдістемелік нұсқауларын жариялау және тағы басқалар.
Бұдан басқа, тараптар әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, діни экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі ислам құндылықтарын нығайту және ата-бабалардың рухани мұраларын дамыту бойынша бірлескен үлес қосу туралы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.