АСТАНА, 19 қараша. 2013-2017 жылдары Бельгияның Антверпен порты арқылы Еуропаға контрабандалық кокаинді тасымалдау көлемі жеті есе өсті, деп Бельгия Әділет министрлігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Министрліктің мәліметтері бойынша, 2013 жылы порт арқылы 6,4 тонна, 2014 жылы — 9,2 тонна, 2015 жылы — 17,4 тонна, 2016 жылы — 30,2 тонна, 2017 жылы — 44,75 тонна есірткі жеткізуі тоқтатылды.
Әділет министрлігінде есірткі контрабандасының өсу жағдайы әлемдік, әсіресе Колумбияда, өндірістің есіөсуімен түсіндіріледі.
Антверпен порты Еуропаның басты кокаин қақпасы деп аталады. Тамыздың алғашқы онкүндігінде Бельгияның кеден қызметкерлері Колумбиядан келген сүректері бар контейнерлерді тексерген кезде нарықтық құны шамамен 75 миллион еуро болатын 1,6 тонна есірткі тәркіленді.