Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германияда террорға қарсы ең көлемді оқу-жаттығулар өткізілді

АСТАНА, 22 қараша. Кельн-Бонн әуежай аумағында сәрсенбі күні түнде өткен Германиядағы терроризмге қарсы ең ауқымды оқу-жаттығуларға мыңға жуық полиция мен кеден қызметкерлері қатысты, деп Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жерінің полиция президиумының баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Кеше түнде Кельн полициясы мен федералды полицияның бірлескен антитеррорлық жаттығулары аяқталды,келесі аптада және айларда бағаланатын көптеген нәтижелер алынды. Кеденмен бірге мыңға жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері лаңкестік шабуылға қарсы іс-қимыл жасауға жаттықты. Кельн / Бонн әуежайында тұрақты жұмыс істейтін федералды полиция және жер мекемелер қызметкерлері төрт түрлі сценарий бойынша жаттығулар өткізді», — делінген агенттіктің сайтында жарияланған пресс-релизде.

Атап айтқанда, сценарийлердің бірі исламшыл-содырлары жасаған террорлық шабуылын сипаттады, оның барысында қарулы қылмыскерлер жолаушыларға оқ жаудырып, бомбаларды жарып жіберді. Сценарийлерді әзірлеу кезінде Франция мен Бельгияда жасалған лаңкестік әрекеттер барысында алынған нақты деректер пайдаланылды. Полицияның пресс-релизінде айтылғанындай, осындай жаттығулар бұрын Германия Федеративтік Республикасының жеті темір жол станциясында өтті. Бұл бағдарламаның бастамашысы — Любектегі федералды полиция академиясы.

Бұрын Германияның Ішкі істер министрлігінің басшысы Хорст Зеехофер Германияда әлі күнге дейін террорлық әрекеттердің жоғары қаупі бар екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *