Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанда деструктивті діни ағымдардың өкілдерін қалай анықтайды

АСТАНА, 23 қараша. Деструктивті діни ағымдардың өкілдерін анықтайтын сыртқы бет-келбетке қатысты норма тиісті заң қабылданған соң бекітіледі. Бұл туралы Қазақстан дінтанушыларының VIII форумында қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

«Жалпы бұл заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Ортақ пікірге келдік. Сөйтіп ол Мәжілістен көктемде Сенатқа енгізілген болатын. Сенат тарапынан да жан-жақты қаралды. Сөйтіп қырйкүек айында заң жобасы бір-екі ұсыныспен Мәжіліске қайтарылды», – деді Арын.

Сонымен қатар Арын адамды деструктивті діни ағымдардың мүшесі екенін көрсететін сыртқы белгілер қандай болатыны әзірге белгісіз екенін қосты.

«Қандай атрибуттар, қандай киім-кешек болатыны, оны заң қабылданғаннан кейін біздің министрлік, қауіпсіздік органдары, ҚР ІІМ бірлесіп дайындайтын боламыз. Сақал сантиметрмен өлшене ме, жоқ басқалай өлшене ме, жоқ өлшенбей ме, оны кейін болашақта талқылаймыз», – деді Арын.

Сөз соңында ол бұл мәселеге қатысты арнайы бірлескен бұйрық шығатынын атап өтті.

«Біз сарапшыларды, елімізде ресми тіркелген діни бірлестік өкілдерін тартамыз. Солардың пікірін ескере отырып бұйрық дайындаймыз», – деп түйді спикер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *