Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстандық қыздар неге экстремист болып жатыр — сарапшы

АСТАНА, 23 қараша. ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айнур Әбдірісілқызы Қазақстанда әйелдер арасында діни экстремизмнің тууына ықпалдасатын негізгі себептер жайлы айтты, деп хабарланады Казахстанская правда газетінің сайтында.

«Негізінен студент қыздар теріс жолға түсіп жатады. Көпшілігі Қазақстан үшін дәстүрлі дін тармағы ханафит мазхабы екенін біледі және мойындайды. Олар осы мазхабты ұстанады деп ойлайды. Алайда олардың көзқарасы мен діни практикасы дәстүрлі емес бағытқа түскенін білмей қалады. Бұл олардың ақпаратты интернет ресурстары арқылы іздеуіне байланысты. Олардың ұстаздары болмады», – деді Әбдірісілқызы.

Астанадағы семинар-тренингте. Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, экстремизмнің феминизациялануы байқалуда. Зерттеу көрсеткендей, экстремизмнің феминизациялануының феномені бірнеше аспекттен құрылған.

«Бұл радикалды топ мүшелерінің арасында әйелдер санының артуы, интернет кеңістігінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарға әйелдердің белсенді қатысуы, әйелдерді әскери күш ретінде пайдалану, әскери қозғалыстар алаңдарында көмек көрсетуге әйелдердің қатысуы, «секс-джихадқа» жалған шақырғанға барып, жыныстық қызмет көрсеткендер», – деп түсіндірді маман.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *