АСТАНА, 25 қараша. Поляк дүкендерінде Эквадордан келген банан қораптарында үлкен мөлшерде кокаин табылды, деп RMF FM радиостанциясына сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.
«Мазовец, Лодзин және Нижнесилез воеводадықтарының сауда жүйесінің бірінің дүкендерінде банан қораптарында есірткі табылды», — делінген хабарламада.
Радиостанцияның мәліметтері бойынша, дүкендерге кем дегенде 170 килограмм есірткі түсті. Салмағы шамамен бір килограмм болатын кокаин қаптары картон қораптарында банан астында кездеседі.
Бұл факт бойынша тергеу басталды. Тексеру ел бойынша желінің басқа дүкендерде жалғасады. Полиция тауарлардың жеткізушісі және алушысы кім екенін анықтайды.
Сауда желісі банандарды тікелей импорттаушы емес екендігі белгілі.
Үш воеводство аумағында сауда желісінің дүкендерінде есірткіні табу фактісін поляк полициясының Бас комендатурасында растады.