АСТАНА, 12 желтоқсан. Қауіпсіздік күштері Басаев тобының тағы бір мүшесін — Шамиль Қазбулатовты ұстады, деп хабарлайды РИА Новости.
Ол әуе-десанттық әскерінің Псков дивизиясына шабуылға қатысы бар деп күдіктелуде. Шабуыл 2000 жылы Шешенстан Республикасының Шато ауданы Ұлыс-Керте ауылының маңайында болды. Шамиль Басаев пен Хаттаб бастаған банды әуе-десанттық әскерінің 76-шы Псков дивизиясының 104-ші полкінің 6-шы ротасының жауынгерлеріне шабуыл жасады. 84 десантшы қаза тапты, 4 адам жарақат алды.
Қазбулатовты құрықтау операциясы Ставрополь өлкесінің ФҚҚ-нің басқармасымен бірге өтті.
«Қарулы көтеріліс, бандаға қатысу және әскери қызметшілердің өміріне қол сұғу» деген баппен қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу сотты Қазбулатовты қамауға алуды сұрайды. Шабуылдағы оның рөлі, сондай-ақ оның басқа қылмыстарға қатысуы тексеріледі. Банданың басқа мүшелері іздестіруде.