Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Енді түрме қызметкерлері діни дәріс оқиды

АСТАНА, 13  желтоқсан. Қуаныш Ермек. Еліміз жат ағымның жетегінде кеткен жандармен ұдайы жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда еліміздің түкпір түкпірінен арнайы дәстүрлі ислам діні туралы түсінік беретін орталықтар ашылып, радикалды діни ағымдарда адасып жүрген қыз келіншектерге көмек көрсетуге арналған «Қыз Жібек» клубы жұмыс істеп жатыр. Тіпті экстремизмге қатысты сотталғандармен де ұдайы түсіндіру жұмыстары тоқтаған емес. Сондықтан олардың арасында ұстанымын өзгертіп, тәубесіне келіп, дәстүрлі ислам дініне қайтып, мешітке барып жүргендері де аз емес. Ал енді соңғы өзгерістерге сай түрме қызметкерлері экстремизм арқылы сотталған жандарға дәріс оқиды, деп Алаш айнасы порталы хабарлайды. 

Ол үшін жақын күндерде Қылмыстық атқару комитеті колония сақшыларының жаппай теологиялық сауатын ашуға дайындалуда. Осылайша жат ағымның жетегінде кеткендерді имамдармен бірігіп тура жолға салу көзделген. ҚР ІІМ қылмыстық атқару комитеті басқармасының бастығы Бекболат Шәкіров «Әрбір мекемеде жеке бөлек кабинеттер бар. Оның ішінде бейнеролик көрсететін мүмкіндіктар бар. Сол жерде сотталғандарға бейнероликтер көрсетеді. Экстремизм, терроризмнің қоғамға қандай зардап әкеліп жатқанын бейнероликтер арқылы көрсетуге жабдықтап жатырмыз» дейді.

Қазір еліміздегі түрмелерде 32 мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр. Оның 700-ге жуығы экстремизм бабы бойынша үшін сотталғандар. Қауіптісі сол, осы діннен адасқандар қапас ішіндегі өзге жазасын өтеушілердің санасын улауы әюден мүмкін. Сондықтан осындай қауіппен мамандар осыдан бірнеше жыл бұрын экстремизм арқылы сотталғандарға бөлек түрме ашу керектігі туралы да ұсыныстар айтқан болатын. Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев «жазасын өтеушілерді жасаған қылмысына қарай бөліп отырғызу керек. Көптеген елдерде діни экстремизм бабы бойынша жазасын өтеушілер басқалардан оқшауланған. Бізге де бұл тәжірибені енгізу артықтық етпейді» деп пікірін білдірген еді. Алайда, депутаттың бұл пікірі қоғам тарапынан қолдауға ие бола алмады. Алайда еліміз жаңадан түрме ашып, оларды қоғамнан одан әрі бөлектемей-ақ, немесе мәселені жылы жауып қоймай-ақ, ашықтан ашық мәселемен күресуге тырысуда. Оларды тәрбиелеп шығу үшін бүгінгі күні психологтар мен имамдар жеткіліксіз болғандықтан осы олқылықтын орнын түрме қызметкерлерін қайта даярлаудан өткізу арқылы толтырмақ. Осылайша алдағы уақытта бұл мақсатқа тәртіп сақшылары жұмылдырылады деп күтілуде. Теолог-инспекторлардың алды қазір «Нұр Мүбәрак» университетінде арнайы курстарда оқып жатыр.

Радикализм белгілі бір көзқарасты бұлтартпай ұстану, тек соны жақтау деген мағынаны білдіреді. Радикализм ұстанымы қалыптасқан қоғамдық дәстүр мен үрдістерді, көзқарас пен институтты өз идеологиясына қарай өзгертуге бағытталады. Кез келген дінді бір қырынан ғана танып, қатаң түрде ұстану салдарынан діни радикалдық көзқарастың пайда болатындығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Қай дінде болсын діни радикалды идеологияның кез келген елдің қалыптасқан әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, моральдық-рухани құндылықтарына, жалпы алғанда қоғамның бірлігі мен ынтымағына төндірер қауіпі зор. Сондықтан бүгінгі күні қоғамымызда бұл мәселемен ашықтан ашық күресу арқылы ғана мәселені шешетініміз белгілі болып отыр. Кейбір елдер мұндай азаматтарынан мүлдем бас тартып отырғанын ескерсек, түрмеде отырып-ақ айналасын өз ұстанымына ұйытатын, ел ішін ғана емес, темір тордың ішін де маңайындағыларды ала тайдай бүлдіретін қауіпті жандарды кеудесінен кері итермей, қатарымызға қосуға тырысуымыз «адасқанның айыбы жоқ» деп қазақы мінезбен бауырға басуымыз шын мәнінде еліміздің ұстанымының дұрыс екенін аңғартады. Сондықтан соңғы жылдары елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы айтарлықтай күрес жүргізіліп жатыр. Күштік құрылымдар салдармен ғана күресіп қоймай, профилактикалық шараларды да іске асыруда. Осы орайда айта кетер жайт, соңғы жылдары қоғамға қауіп төндіріп, мемлекет құрылымдарына қарсы ұйымдастырылған қылмыс саны қалыпты деңгейде.

Рас террористік және экстремистік баптар бойынша істі болғандар да тіркелуде. Кейбір сарапшылардың пікірінше, түрлі радикалды экстремистік идеяларды бойына сіңіріп, қоғамға қауіп төндіріп отырғандардың дені түрмеден шыққандар екен. Сондықтан бүгінгі күні түрмедегілермен жұмыс жүргізуіміз бекер емес. Жасыратыны жоқ, түрме экстремистік ағымдағы адамдар үшін өздерінің үгіт-насихатын жүргізуге қолайлы орта болып табылады. Яғни, мамандардың айтуынша, «түрмеге экстремизм немесе терроризм көзқарасындағы сотталған бір адам отырса, ол жерден радикалды ағымдарды мықтап ұстанған 3-5 адам шығады». Демек, олармен жұмыс жүргізу қажет.

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:

– Діни көзқарасына байланысты сотталғандарды өзгелерден оқшаулау қажет-ақ. Өйткені, діни тұрғыдан санасы уланған адамдар қоғамымызда күн санап көбейіп бара жатыр. Шыны керек, халқымыз рухани тұрғыдан аш болғандықтан, жанына керегін өз бетінше іздеуде. Ал осыны тиімді пайдаланған өзге діни ағымдағылар қатарына басқаларды да тартуға тырысады. Әсіресе, түрмеде отырғандар әрқашан рухани тұрғыдан қолдау іздеп аласұрады. Бір нәрсеге сену арқылы үміт отын жағуды көздейді. Осындай кезде экстремистік пиғылдағы сотталушының өз қатарына адам­дарды оп-оңай тартып алатыны сөзсіз. Сондықтан, түрмедегі сотталғандарды кері ықпалдан сақтап қалу үшін экстремистік, террористік көзқарастағы адамдармен жұмыс жүргізілу керек. Атап айта кетер жайт, терроризм мен экстремизм көзқарасындағы адам үгіт-насихат жүргізіп, қатарларын толықтыру үшін мекен таңдамайды. Экстремистік көзқарастағы азамат сотталған соң түрменің мешітін иемденіп алып, өзінің идеологиялық ықпалын күшейте береді. Ал діни сауаты аз жастың мешітте отырған адамның сөзіне иланары сөзсіз. Сондықтан, сотталғандарды қоғамға бейімдеу, экстремистік, террористік көзқарастағы адамдардың санасын сауықтыру, психологиялық тұрғыдан көмек көрсету жұмыстары тұрақты жүргізілуі қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *