АСТАНА, 13 желтоқсан. Терроризм мен экстремизм үшін сотталғандар жазасын колонияда емес, түрмеде өтейді. Мемлекеттік Дума лаңкестердің жеке түрмелерін жасауға бағытталған заң жобаларын бірінші оқылымда қабылдады, деп жазады REGNUM агенттігі.
Мемлекеттік думаның заңнамасы бойынша комитетінің мүшесінің Отари Аршбы(«Единая Россия») айтуынша колонияларда терроризм үшін сотталғандар «идеяларды көпшілікке жеткізе алады».
Қаулыларға сәйкес, сотталғандарға, басқа қамауға алынған адамдарға (күдіктілерге) терроризм идеологиясын зерделеу, насихаттау, тану немесе таратуға байланысты зиянды әсер етті деген ақпарат болса, олар федералды қылмыстық атқару жүйесі анықтаған жерлерде орналасқан тиісті түзету мекемелерінде жазаны өтеу үшін жіберіледі.