Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни экстремизмнің алдын алмасақ болмайды

АСТАНА, 14 желтоқсан. Қазақстан жастардың шетелде білім алуын қолдайды әрі оған жан-жақты көмектеседі. Бұл ретте «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының бастап, түрлі үкіметтік емес ұйымдарының тағайындайтын бізде мыңдаған гранты бар. Бұл тур 365info.kz жазады.

Мысалы, былтыр грант бойынша 5820 түлек шетелдік білім беру орындарына оқуға түскен. Әрине, шетелде білім алған жақсы. Бірақ, білім іздеп барған жасты онда белгілі бір деңгейде қауіп-қатерлер күтіп тұру ықтималдылығын ата-аналар ескеріп, естен шығармаса екен дейміз. Өйткені бөтен елдің аты бөтен ел.

Шетелде оқитын баласы бар ата-атаналар мынаны білуі тиіс:

Мәселен, біріншіден, білім алып, тұрып жатқан жерінде жас бөтен діни ағымның ықпалына түсіп қалуы әбден мүмкін. Өйткені түрлі тілдерді оқыту орталықтарының, сол секілді мемлекет қадағалауына жатпайтын мәдени, спорттық орындардың артында миссионерлік ұйымдар болады кейде. Сондықтан тіл үйреніп жүрмін, денемді шынықтырып жүрмін деген балаңыз, байқамай жат ағымның уағызын тыңдап та жүруі ықтимал.

Екіншіден, егер балаңыз шетелде діни білім алып жатса, онда ол қандай діни орында білім алып жатқанын міндетті түрде тексеруіңіз керек. Ол қандай да бір түсініксіз діни мектептерде оқып жатуы мүмкін ғой. Сіз, балаңыз оның артында кім тұрғанын білмегенмен, ресми органдар ондағыларды қара тізімге кіргізіп қойып, ол алда үлкен мәселелер туындатуы мүмкін. Сондықтан бұл ретте оқу орынның ресми ме, ресми емес пе, соған көз жеткізіп алыңыз. Ал қандай да бір сұрақтар туындаса бұл ретте еліміздегі құзырлы органдарға, елшілікке хабарласқан жөн.

Шетелде кейбір діни ағымдар адамдардың күнделікті қажетті нәрселерді де өз нысанына айналдырып алғалы қашан?

Мысалы, өз-өзін дамыту, психология, бизнесті жүргізуге машықтандыру, шешендік қабілетті жетілдіру сынды түрлі курстардың артында да миссионерлер тұруы ықтимал. Олар, әсіресе сырттан келгендерді бірден өзіне тартуға бейім тұрады.

Сонда шетелдегі деструктивті идеялардың елімізге тасымалдануына алдын ала белгілі бір деңгейде тосқауыл қоюға ата-аналар да осылай ат салыса алар еді.

Айта кетелік, бүгіндері шетелде 300-ден аса қазақстандық діни білім алуда.

Негізінен, ҚР Конституциясының 11-бабына сәйкес, біздің мемлекетіміз елден жырақта жүрген азаматтарымыздың қауіпсіздігіне кепілдік береді. Сондықтан құзырлы мемлекеттік органдар қазақстандықтардың түрлі шиеленісті жағдайға, шетелдегі бөтен діни ағымдардың ықпалына түсіп қалуынан қорғау үшін қолынан келгенше іс-қимыл жасайды. Алайда сол шетелде жүрген студент пен ата-ананың көмегінсіз бұл істі сәтті атқару мүмкін емес екенін де айта отыралық.

Өткен жылы Мемлекет басшысы 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасын бекітті. Ол бойынша діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласы бойынша әкімдіктердің қызметінің тиімділігін бағалайтын әдістеме әзірленуде.

Қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған әдістемеде күмән тудыратын шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттерді қайтаруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, деструктивті діни ағымдарды ұстанатындардың санын азайтуға, сол секілді киім киістен бастап сақал қоюдың мөлшеріне қатысты қойылатын талаптар мен шектеулер бар.

Бұл уақыт талабынан туындаған өзгерістер дейді Бақыт қажы Тұрсынбек.

 Намазда тұрған кезде кейбір мұсылман бауырлар қолдарын кеудесіне қойып, аяқтарын талтайтып тұрады, тіпті тәспі аудармайды, құран бағыштап қол жаймайды. Осылар өз ішімізден шықты дейсіз бе? Сырттан оқып келеді. Немесе сол сырттан оқып келгендердің ықпалына түседі.

Шетелдерге діни білім алуға көбі өз бетімен барады. Олар ресми органдарда тіркелмегендіктен, нақты қайда оқығанын да білмейсіз. Соның салдарынан шетелдегі дустриктивті ағымдардың идеологиясы бізге «экспортталып» жатыр. Сондықтан шетелде діни білім алуда белгілі бір шаралар қабылдау — уақыт талабы.

Қазір Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағылардың бағытымен емес, керісінше, өз еркімен кетіп, сол жақтағы күмәнді оқу орындарына түскен студенттермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Оған елшілікпен, дипломаттар, ҚМДБ өкілдері ат салысуда. Соның нәтижесінде шетелде діни білім алып жүрген студенттердің біршама бөлігі елге оралған. Олар мұнда өз білімін Нұр-Мүбарак университетінде жалғастыруда.

Жалпы, Дін істері мәселесімен айналысатын Қоғамдық даму министрлігі қазақстандықтарға қазір діни білім алу үшін шетелге барудың аса бір қажеттігі жоқтығын барынша түсіндіріп бағуда.

ҚР Парламенті қабылдауына ұсынылған діни қызмет туралы заңнама жобасына сәйкес, шетелде теологиялық білім алуды реттейтін ережелер де қарастырылыпты. Ол бойынша енді Қазақстанда бакалавриат деңгейінде жоғарғы діни білім алғаннан кейін және тіркелген діни бірлестіктердің жолдамалары бойынша ғана шетел мемлекеттерінде рухани білім алу қарастырылады. Демек, енді өз бетімен шетелде діни білім алуға белгілі деңгейде шектеу болмақ.

Сондай-ақ елімізде жылда республикалық имамдар форумы өткізіліп тұрады. Міне, осы форумда «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» атты 4 құжат қабылданған болатын. Бұл тарихи құжат еліміздегі дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігі, әдебі мен мәдениеттілігінің жаңа идеалын айқындап береді.

Оның үстіне шалғайдағы ауылдар үшін білікті имамдарды әзірлеу, және материалдық жағдайы төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында елімізде «Уақып» қайырымдылық корпоративтік қоры құрылған.

Бұдан бөлек «Нұр Мүбәрәк» университеті жанындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл саласы бойынша теологтарды дайындайтын институтта имамдар екі айлық курстарда оқып, білімдерін шыңдайды.

Қоғамдық даму министрлігі бүгінге дейін дін мамандарымен 1 млн адамды, оның ішінде 800 мың жастарды қамтыған 14 мың түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылғанын хабарлап отыр. Діни экстремизмнің алдын алу аясында елімізде жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Оған бір республикалық және 249 аумақтық ақпараттық-түсіндіру тобы ат салысуда. Ал ақпараттық-түсіндіру тобында 3 мыңнан аса адам бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *