АЛМАТЫ, 14 желтоқсан. Алматыда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрліктерінің үйлестіру тобының бірінші отырысы өтті. Отырыс министрлердің бірінші орынбасарлары Жанат Сүлейменов пен Даврон Назармұхамедов төрағылығымен өтті, деп CA-NEWS хабарлайды.
Тараптар трансшекаралық қылмысқа қарсы тұруға, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы күресте ішкі істер органдарының ынтымақтастығының басымдықты мәселелерін талқылады.
Талқылаудан кейін бірлескен ұйымдастырушылық және практикалық шараларды көздейтін хаттамаға қол қойылды.
Министрлер орынбасарлары сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күресу бойынша Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының жұмысымен танысты және оның басшылығымен кездесті.
Үйлестіру тобының кезекті отырысын Келесі жылы Өзбекстанда өтеді деп жоспарлануда.