АСТАНА, 18 желтоқсан. Полиция метрода героин толған тоқсан қалташасы бар мәскеулікті ұстады, деп Мәскеу метросындағы баспасөз хатшысы Алексей Мишляевке сілтеме жасай отырып, РИА Новости хабарлайды.
«Полиция қызметкерлері «Дмитров» метро станциясының платформасында 42 жастағы мәскеулікті қоғамдық орында есірткіге мас болуы үшін ұстады. Тексеру барысында полиция…героин тәркіледі», — деді Мышляев.
Ер адам жалпы салмағы 254 грамм болатын героині бар «чектерді» тығыз полиэтилен пакетіне орап бір жаққа апара жатты. Ер азаматты бас бостандығынан ұзақ мерзімге айыру қарастырылған қылмыстық іс қозғалды.
Ер азамат полицияға героинді «тауып алғанын» және оны тапсыру үшін «полицияға бара жатқанын» айтты.Ұсталғанның айтуы бойынша, ол өзі есірткі қабылдайды, және істеген існе өкінеді.