Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Трамп ИМ-нің толық күйрегені туралы айтты

АСТАНА, 20 желтоқсан. АҚШ Сириядағы әскерін шығара бастайды. АҚШ қорғаныс саласының ресми өкілі CNN телеарнасына берген сұхбатында, Сирия аймағындағы америкалық әскерилердің барлығы елге оралатынын айтқан, деп BAQ. KZ хабарлайды.

АҚШ бұл процесті қашан бастайтыны нақты белгісіз. АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының күйрегенін, «АҚШ әскерінің Сирияда қалуының жалғыз себебі ИМ-ді жеңу болғанын» жазды.

Ресми дерек бойынша, Сирия аумағында 2000 америкалық әскери бар. «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда ДАИШ деп аталады — ред.) — 2013 жылы Сирия мен Ирак аумағында құрылған экстремистік топ. Бірнеше жыл бойы екі ел аумағының негізгі бөлігін басып алып, халифат орнатпақ болған. 2018 жылдан бастап ИМ құлдырай бастады. Қазақстанда террористік ұйым деп танылған. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, 800-ге жуық қазақстандық Сирияға кетіп, «Ислам мемлекеті» тобының сапында соғысқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *