Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Трамп Сириядан АҚШ әскерін шығару туралы жарлыққа қол қойды

Астана, 24 желтоқсан. АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядан әскерді шығару туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі CNN телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды .

«Сирияға қатысты, біз онда басында үш ай ғана болуды жоспарладық, бұл жеті жыл бұрынғы шара еді — біз әлі кетпедік. Мен президент болғанда, ДАИШ күшейіп тұрған еді, ал қазір бұл ұйым әлсіреп қалды. Сондықтан сол өңірдегі мемлекеттер, Түркияны қосқанда, террорлық ұйымнан қалдықтарды жоюға шамасы жетуі тиіс. Біз үйге қайтамыз» деді Трамп Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салсақ, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 желтоқсанда АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Сириядағы әскери операцияларды кейінге шегеруді ұйғарған болатын. Ердоғанның айтуынша, телефонмен әңгімелесуден кейін АҚШ президенті Сириядан әскер шығару туралы шешім қабылдаған. 19 желтоқсанда Трамп Сирияның ДАИШ-ты жеңгенін мәлімдеді.

Онда АҚШ-тың 2 мыңға жуық әскері болған. Кейінірек АҚ үй баспасөз қызметінің жетекшісі Сара Сандрес АҚШ-тың Сириядан әскер шығаратыны туралы, алайда бұл терроризмге қарсы күрес халықаралық коалициясын тоқтату шарасы еместігін түсіндірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *