Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия 2 мыңнан аса содырдың көзін жойды

Астана, 3 қаңтар. Түркия билігі 2018 жылы жүргізілген антитеррорлық операциялардың қорытындыларын жариялады, деп KAZISLAM.KZ сайты хабарлайды.

Республиканың Қорғаныс министрі Хулуси Акардың айтуынша, биыл түрік әскері 147 ірі көлемде әскери операция жүргізіп, нәтижесінде 2398 террористің көзі жойылған. Сонымен қатар түрік әскери әуе күштері террористердің 922 нысанына, оның ішінде штабтар, жасырын ұяшықтар мен қару-жарақ қоймаларына шабуыл жасаған.

Министр Түркия Сириядағы ДАИШ содырларына қарсы күресті 2019 жылы жалғастыратынын жеткізді. Ал Түркия территориясындағы жағдайға келер болсақ, биыл терроризм күдігі бойынша 75 мың адам тұтқындалған – оның басым бөлігіне түріктің діни және қоғам қайраткері Фетхуллах Гүленнің ФЕТО оппозициялық ұйымына қатысы бар деген айып тағылған. Түркия билігі Фетхуллах Гүленді 2016 жылдың шілде айында елде билікті басып алу мақсатында болған әскери бүліктің басты ұйымдастырушысы деп таныған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *