Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарулы оппозиция «Джебхат-ан-Нусраға» қарсы әскери іс-қимылдар бастады

АСТАНА, 03 қаңтар. «Ұлт азаттық майданы» құрамына кіретін сириялық әскери оппозиция құрамалары Сирияның солтүстігіндегі «Джебхат ан-Нусра» террористік топқа қарсы әскери операцияларды бастады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«Ұлт азаттық майданы» операция барысында Идлиб провинциясы орталығынын (Дамаскден 320 шақырым жерде) оңтүстігіндегі Маасаран мен Бабилла елді мекендерін террористерден босатты.Қазіргі уақытта Идлиб — Алеппо стратегиялық магистралының жанында Хейш және Хан-эс-Субул аудандарында қақтығыстар жүріп жатыр.

Түркияның қолдауымен қарулы оппозиция Идлиб қаласындағы «Джебхат ан-Нусра» позициясына қарсы шабуылдан кейін Алепподан батысқа қарай (Дамасктан 360 км қашықтықта) соғыс басталып, террористер сәрсенбіде Дарет-Изза қаласын басып алып, «Ұлт азаттық майданына» кіретін «Нұреддин аз-Зенги бригадаларын» ығыстырып шығарды .

Сирияның адам құқықтары жөніндегі қадағалау орталығының орталығының деректері бойынша, аптаның басынан екі жақтан өлтірілген адамдардың саны 50 адамнан асты, ондаған адам жарақат алды.

«Ұлт азаттық майданының» шабуылдаған жасақтары Идлиб-Алеппо тас жолына тосқауыл қою үшін Сарқиб қаласына жетуге ұмтылуда. Өз кезегінде, Идлибті бақылайтын «Джебхат ан-Нусра» мұндай сценарийдің алдын алуға тырысады. Оның жетекшісі Мұхаммед әл-Джулани экстремистік «Хорас эд-Дин» және «Түркістан Ислам партиясындағы» одақтастарынан көмек сұрады, алайда олардың содырлары өзара тартысқа түсуден бас тартты.

Тұрікшіл Сирия оппозициясының құрылымдары мен лаңкестер арасындағы қақтығыстар 2018 жылдың қазан айында өтті. Ол кезде «Джебхат ан-Нусра» Анкараның ауыр қару-жарақты тапсырып, демилитаризацияланған Идлиб провинциясындағы және Алеппо, Латакия және Хама шекаралас аудандарынан жақтастарын аймақтан алып шығудан бас тарттып ультиматумына бағынбады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *