Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ердоған мен Меркель Сирия мәселесін талқылады

Астана. 4 қаңтар. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы тілдесті, деп хабарлайды түрік республикасы басшысы әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Екіжақты ынтымақтастық байланыстармен бірге қос президент Сириядағы ахуалды, Еуропаға ағылған босқындар мәселесін және терроризмге қарсы күрес тақырыптарын талқылады.

Тараптар тілдесу барысында Сирия бойынша Стамбул саммитінде қол жеткізілген шешімдерді іске асырудағы диалогтарды жалғастыруға уағдаласты. Ердоған мен Меркель Сириядан әскер шығару туралы АҚШ шешімі процестерін жіті бақылау туралы пікірлесті, деп жазады Анадолу агенттігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *