АСТАНА, 5 қаңтар. Шіркеулер террористік топтардың қастандық шабуылдарынан қорғалатын болады. Бұл іспен Ресей федералды барлау қызметі айналысады, деп хабарлайды Islam-today.
Ресей үкіметінің діни нысандарды террористік қауіп-қатерлерден қорғау талаптары қамтылған қаулы жобасы федералды нормативтік құқықтық актілер жобалары порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, діни нысандарға үш түрлі қорғау санатының бірі берілуі керек. Оны республиканың ІІМ, ТЖМ, ФБҚ, Ресей гвардиясы, сондай-ақ жергілікті билік пен діни ұйым өкілдері кіретін аймақтық комиссия анықтайды.
Қорғаудың бірінші санатына теракт кезінде мыңнан аса адам мерт болуы, ал зиян көлемі 50 млн рубльден асуы мүмкін нысандарға беріледі. Екінші санат – қаза болғандар саны мыңнан кем, зиян көлемі 50 млн рубльден аз, үшінші санатқа – құрбандан саны 200 адамнан көп емес, шығын көлемі бір миллион рубльден аспайтын деңгейдегі ғимараттар енгізіледі.
Бірінші және екінші санатқа жататын мекемелер бейнебақылау жүйелері және күзет дыбыс жабдықтарымен қамтылады. Бұдан бөлек мұндай ғимараттар маңын жеке күзет қызметкерлері бақылайтын болады. Үшінші санаттағы нысандар болса тәулігіне кемінде 3 рет тексеріліп тұрады.