АСТАНА, 06 қаңтар. Каирдегі шіркеудің жанындағы жарылғыш құрылғыны минасыздандыру кезінде бір полиция қызметкері қаза тауып, екіншісі жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.
«Каирдегі шіркеудің жанындағы жарылғыш құрылғыны минасыздандыру кезінде бір полиция қызметкері қаза тауып, екіншісі жарақат алды», — делінген хабарламада.
Арнаның ақпараты бойынша, құрылғы шіркеудің жанында полиция қызметкерлерімен табылған сөмкеде болды. Бомба полиция қызметкерлері сөмкені тексерген кезде жарылды. Шіркеу Мадинат Наср аймағында орналасқан.
Мысыр прокуратурасы тергеуді бастады.