ТАРАЗ, 07 қаңтар. Полиция Тараз қаласының тұрғынынан 700 граммнан астам марихуаны тәркіленді, деп Хабар 24 хабарлайды.
Көшеде жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде есірткі заттарды сатуға күдікті ретінде бұрын сотталмаған 23 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады.
Тексеру кезінде екі қаптамаға оралған 300 грамнан астам марихуана анықталып, тәркіленді. Ал пәтерінен тағы 400 грамм есірткі табылды.
23-жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-тармағына сәйкес есірткі құралдарын сату туралы қылмыстық іс қозғалды.Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша ол кінәсін толық мойындап отыр. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.