АСТАНА, 09 қаңтар. 2015 жылдың қараша айында Парижде болған лаңкестік шабуылдарды тергеу барысында Брюссельде Мохамед Э. атты адам ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Деректері бойынша, жасы аталмаған, ер адам, француз астанасында болған лаңкестік шабуылдар кезінде қолданылған Калашников автоматын сатып алуға қатысы бар деп күдіктенді.
Мохамед Э-ні. католик Рождествосы қарсаңында ұстады, бірақ бұл туралы бүгін ғана белгілі болды. Оған Париждегі террорлық шабуылдарға қатысқаны үшін айып тағылды.
2015 жылғы 13 қарашада террористердің үш үйлестірілген тобы Парижде және оның ең жақын маңындағы Сен-Денисте бірнеше шабуыл топтамасын жасады. Барлығы шабуыл нәтижесінде 130 адамм құрбан болды, 350-ден астамы жарақат алды.