АСТАНА, 09 қаңтар. Жаңа жыл мерекесінде қатаң режимдегі колонияда тұтқынға жаңғаққа салынған есірткіні жеткізуге тырысты, деп ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Zakon.kz хабарлайды.
«Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелерде Солтүстік Қазақстанда орналасқан ЕС-164/8 мекемесінде есірткі заты үшін 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған азаматқа ерекше сәлемдеме келіп түсті. Азық-түліктерді тексеру барысында ҚАЖ мекемесі қызметкерлерінің көзі сәлемдеменің ішіндегі грек жаңғағына түседі. Тәртіп сақшылары қырағалығының арқасында, жаңғақтың ішінде есірткі жасырылғанын анықтады»,- деді мекемеде.
Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттың 20 грамды құрайтын гашиш екенін көрсетті. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп -тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Мұндай оқиғалар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ескертулер мен түсіндірмелерге қарамастан болып отырады. Осыған ұқсас факті жаңа жылда Қостанай облысындағы УК-161/2 (қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме) мекемесінде де орын алды. Сотталғанға келген бандерольді тексеру барысында тыйым салынған зат алынды. Алынған ұялы байланыс құралы, қуаттау құралы және сим-карта тасымалды бейнеқұралдың ішіне қулықпен оралған болып шықты.