Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бағдатта терроризммен күрестегі Тәжік-Ирак ынтымақтастығы талқыланды

АСТАНА, 10 қаңтар. Тәжікстан мен Ирак арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі алдыңғы күндері Ирактың астанасы Багдатта талқыланды, деп жазады Avesta.Tj.

Тәжікстанның Ирактағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зубайдулло Зубайдзода Ирактың Сыртқы істер министрі Мухаммад Али әл-Хаким мырзаға сенім грамоталарынын көшірмелерің тапсырды.

Сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін экономика, сауда, туризм және мәдениет сияқты салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы күресте және кәмелетке толмаған Тәжікстан азаматтрын Отанына қайтарудағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Түрлі деңгейдегі ресми делегациялармен алмасу қажеттілігі атап өтілді.

Ирак Сыртқы істер министрі Тәжікістан елшісін қызметіне тағайындалуымен құттықтап, оған тәжік-ирак қарым-қатынастарын дамытудағы табыстар тіледі.

Елші Ирактың Сыртқы істер министріне Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддиннің үндеуін жолдады, делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *