АСТАНА, 11 қаңтар. Америка Құрама Штаттары Мысыр еліндегі террористік топтарға қарсы күресте демеу көрсетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Каирдегі Америка университетінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп жазады TAСС.
Оның айтуынша, «Вашингтон Мысырдың террористік топтарды, оның ішінде Синай түбегіндегі террористтерді жою әрекеттерін қолдайтын болады». Бұл тұрғыда Помпео «американдық әрекетсіздік кезеңі аяқталды» деп атап өтті.
Мысыр әскері Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 2018 жылдың ақпан айынан бастап «Синай-2018» кодтық атауы бар террорға қарсы операция өткізіп келеді. Бұрынғы операцтялардан айырмашылығы, бұл солтүстікте де, Синай түбегінің орталығында да, Ніл өзенінің атырауы мен елдің батысындағы шөл далада орын алады. Әскери іс-шараларға далалық әскери бөлімшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ шекара, әскери-әуе күштері және әскери-теңіз күштері қатысады. Осы уақыт ішінде 40-тан астам әскери және полиция қызметкерлері өлтірілді, барлығы 500-ден астам экстремистер өлтірілді.
Помпео сәрсенбі күні кешке Таяу Шығыстағы сапар аясында Каирге Ирактан келген, онда ол жоспардан тыс аялдама жасады. Таңертең ол Мысыр Президенті Абдель Фаттах ас-Сисимен келіссөздер жүргізді. Республика басшысының ресми өкілі Бассам Рада мырзаның айтуынша, Мысыр басшысы «екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестіктің тереңдігін және аймақтағы саяси және қауіпсіздік мәселелері бойынша үйлестіруді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті».