АЛМАТЫ, 14 қаңтар. 2019 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орта Азияның тумалары болып табылатын шетел азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды.
Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компоненттер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.
Тергеу болжамына сай, ұсталған тұлғалар шетелдегі ДАИШ содырларының тапсырмасы мен олардың басшылылық етуімен әрекет еткен.
Жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолдану арқылы Алматы қаласында халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл жасауға ниет еткен.
Тергеу амалдары жалғасуда.