АСТАНА, 16 қаңтар. Сербияның Нови-Пазар қаласында лаңкестік шабуыл жасау күдігімен радикалды исламист ұсталды. Жергілікті арнайы қызметтер мен сарапшылар террорлық шабуыл 17 қаңтар — Ресей президенті Владимир Путиннің Белградқа келу күні деп атайды, деп хабарлайды REGNUM агенттігі.
14 қаңтарда Нови-Пазар жанындағы Поток ауылында ваххаби ағымының жақтаушысы Армин Алибашич патрульмен тоқтатылды.21 жастағы ер адамның жолдорбасында оптикалық көздеуіш бар мылтық болды. Тінту барысында содырдың үйінде арсенал мен бомбаны жасау үшін компоненттер табылды.
Бұдан басқа, «Ислам мемлекеті» тобының (Қазақстандағы қызметі тыйым салынған ұйым) символикасы, сондай-ақ осы ұйымның үгіт материалдары мен әдебиеттері табылды. Қауіпсіздік саласындағы сарапшы Джевад Галияшевич болжамды лаңкес өзі жалғыз ғана әрекет жасайтындығына сенбейді. Оның айтуынша, «Алибашич сияқты ваххабистер, стратегиялық инфрақұрылымға және көпшілік жерлерге шабуыл жасауға жеткілікті дайындықтан өтіп, қаруланған». Оның пікірінше, Нови-Пазардың террорлық қатерінің көрші Босния мен Герцеговинадағы мұсылман бөлігінде тамыры бар.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресей Президенті Владимир Путин Сербиялық әріптесі Александр Вучичтің шақыруымен 16 қаңтарда Белградта болады. Тараптар жиырмадай түрлі келісімдерге қол қояды деп жоспарлануда.