Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанда азаматтарды Сириядан эвакуациялау туралы кино түсіруді ұсынды

АСТАНА, 16 қаңтар. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов сәрсенбіде Премьер-министрге Қазақстанның азаматтарын Сириядан эвакуациялау туралы операцияға негізделген «жоғары көркемдік» фильм түсуруге тапсырма беруді сұрап сауал жасады, деп хабарлайды КазТАГ.

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған қазақстандық азаматтарды құтқару операциясы жастар жылында жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге арналған жоғары көркем фильмдерді құрудың керемет желісі бола алады», — деп ол ҚР Мәжілісінің пленарлы отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауалың оқыды.

«Осыған орай, мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жусан» операциясы негізінде шытырман оқиғалы, көркем-деректі, патриоттық фильм жасауды ұсынамын. Екіншіден, жастарды рухани-патриоттық тәрбиелеу – жалпы мемлекеттік міндет, сондықтан жастардың жылын жариялауға байланысты жастарды патриоттық және рухани тәрбиелеудің кешенді шараларын қарастыруға болады », — деді депутат.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 6 қаңтарында құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігінің гуманитарлық операциясы нәтижесінде Сириядан 47 қазақстандық, оның ішінде 30 бала көшірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *