АСТАНА, 17 қаңтар. Кенияның Найроби астанасында шабуылға ұшыраған Dusit қонақ үйінде полиция жарылғыш зат тапты, деп полицияның Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып REGNUM агенттігі хабарлайды.
«Бір жарылғыш зат табылды, оны детонациялау үшін қауіпсіз жерге жеткізді», — делінген хабарламада.
Сарапшылар шабуыл орның тексеруді жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда лаңкестер қонақүйге шабуыл жасап, соның нәтижесінде 21 адам қаза болып, 28 адам жараланды. «Аш-Шабаб» исламдық топ бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өзіне алды.