АСТАНА, 18 қаңтар. Колумбия астанасы кадеттер полиция мектебінде миналанған көлік жарылысынан 21 адам қаза тауып, 68 адам жарақат алды, деп жергілікті полицияға сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Алғашқыда, 11 адам қаза болып, 65 адам жарақат алған деп хабарланған.
«Өкінішке орай, алдын-ала мәлімет бойынша 21 адам қаза тапты, оның ішінде іс бойынша жауапты адам да бар», — деп мәлімдеді полиция.
Жарақат алғандардың барлығы Богота қаласындағы түрлі ауруханаларға жіберілді, олардың 58-і алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін үйге шығарылды.
Колумбия билігі 56 жастағы Хосе Альдемар Рохас мектептің аумағына өтіп, одан кейін жарылған джипді басқарғанын анықтады. Жарылыс мектеп түлектеріне атақ беру рәсімі аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан соң болды.
Колумбия Президенті Иван Дуке террорлық шабуылдың құрбандарына үш күндік аза тұту жариялады.