АСТАНА, 18 қаңтар. Соңғы бес жылда «Аш-Шабаб» ұйымы Кенияда 300-ге жуық адамды өлтірді, деп Al Jazeera-ға сілтеме жасай отырып REGNUM агенттігі хабарлайды.
Террористер Сомалиде белсенді әрекет жасайды, бірақ соңғы жылдары Кения территориясына ауысты. Лаңкестердің мақсаты үкіметті құлатып, шариғатқа негізделген билік құру. Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда «Аш-Шабаб» содырлары Кения астанасындағы қонақүйге шабуыл жасады. Шабуыл кезінде 21 адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды.